Орташа айлық атаулы және нақтылы (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге арналған тұтыну бағаларының индексіне түзетілген) жалақы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекетінде өсті.
Орташа айлық нақты жалақының ең жоғары өсу қарқыны Арменияда (113,4%), Қырғызстанда (110,7%) және Беларуста (110,1%) тіркелді.
Орташа айлық атаулы жалақы мөлшері Қырғызстандағы 32 мың сомнан (30 мың ресей рублі) Ресейдегі 70 мың рубльге дейін құрады.
Толығырақ статистикалық ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті бетіндегі «Жалақы туралы» бөлімінде берілген.