Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Нуржамал Ильясованың ЕАЭО-да зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған практикалық қадамдар туралы баяндамасы Ресейдегі Америкалық сауда палатасы Кеден-көлік комитетінің 2024 жылғы 29 наурызда өткен отырысына қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Комитет мүшелері Нуржамал Ильясованың ЕАЭО ішкі нарығына контрафактілік тауарлардың түсуіне қарсы іс-қимылдың кедендік құралдарын жетілдіруге бағытталған соңғы Еуразиялық трендтерге қатысты ұсынған ақпаратын жете талқылады.
ЕЭК өкілі басым бағыттардың ішінен зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін іске қосу, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың өткізілуін кедендік бақылау рәсімдерін оңтайландыру, құқық иеленушілердің құқықтарын бұзушылықтармен күрес саласындағы құқық қолдану практикасын талдау және түзету жөніндегі жұмысты бөліп көрсетті.
Отырысқа қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы құқық қолдану және сот практикасын дамыту перспективаларына қатысты өз пайымдауымен бөлісті, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мен сақтаудың басқа да өзекті аспектілерін талқылады.
Анықтама
Ресейдегі Америкалық сауда палатасы (The American Chamber of Commerce in Russia, AmCham Russia) – Ресейдегі жетекші шетелдік бизнес қауымдастығы болып табылады. 1994 жылы негізі қаланған AmCham ірі америкалық корпорациялардың, Ресейлік компаниялардың, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдері компанияларының мүдделерін білдіреді.
AmCham миссиясы – Ресейде бизнес жүргізуге ықпал ететін орнықты нарықтық ортаны дамытуға жәрдемдесу.