Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕЭК Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына (ТШЕ қағидалары) № 1-1 қосымшаның қолданысын 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты.
Құжат СТ-1 сертификатын ұсыну негізінде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне жеті мыңнан астам өнеркәсіптік тауарды қамтитын 258 тауар атауын кірістіруге мүмкіндік береді.
ТШЕ қағидалары отандық өнім берушілер үшін преференциялар белгіленген немесе шетелдік тауарлар бойынша шектеулер енгізілген ЕАЭО мемлекеттеріндегі мемлекеттік сатыпалым үшін тауарлардың шығарылған елін айқындау және растау мәселесін реттеуге қойылатын бірыңғай тәсілдемені айқындайды. ТШЕ қағидалары инвестициялық тартымдылықты және оқшаулау деңгейін арттыруды, Еуразиялық өндірушілер арасындағы кооперациялық байланысты кеңейтуді мақсат тұтады.