10 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бұрын қабылдаған ЕАЭО-ның тамақ өнімдеріне және оны таңбалауға арналған техникалық регламенттеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді.
Өзгерістер оны дайындаушы (уәкілетті дайындаушы тұлға, импорттаушы) болып табылатын ұйымның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жерінің деректемелері өзгерген жағдайда, оны таңбалауды ауыстырмай, ЕАЭО нарығына тамақ өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттің 39-бабына енгізілген түзетулерге сәйкес, тамақ өнімдерін дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импортердің) орналасқан жерінің деректемелері ретінде көрсетілген қаланың, облыстың, көшенің және т.б. атауы өзгертілген күннен бастап үш жыл ішінде осындай өнімді таңбалауда оның орналасқан жерінің алдыңғы атауларын көрсете отырып, тамақ өнімдерін айналымға шығаруға нақты географиялық орналасу орны мен нақты өндіріс орны өзгермеген жағдайда жол беріледі.
Бұл ретте "Тамақ өнімдері таңбалау бөлігінде" техникалық регламентінің 4-бабында тұтынушыға тамақ өнімдерін дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы) орналасқан жері туралы анық және өзекті мәліметтерді жеткізудің ықтимал тәсілдері көзделген.
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкийдің пікірінше, Кеңес қабылдаған өзгерістер ЕАЭО елдерінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына оң әсерін тигізеді және тамақ өнімдерін таңбалауды ауыстыру қажеттілігіне байланысты артық қаржылық жүктемені алып тастауға көмектеседі.