Алина Анатольевна Казачёнок 1990 жылы туған. 2012 жылы Беларусь мемлекеттік экономика университетін "маркетинг" мамандығы бойынша ("баға белгілеу" мамандануы), ал 2016 жылы осы университеттің магистратурасын "әлемдік экономика"мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясында "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті, ал 2024 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының МБЖМ институтының Жоғары буын басшыларын даярлау бағдарламалары орталығында "Басшыларға үшін — мемлекеттік басқару шебері" кәсіптік қайта даярлау бағдарламасын оқып бітірді.
2012-2016 жылдары Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Баға саясаты департаментінде жұмыс істеді.
2016 жылдан 2025 жылға дейін Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінде еңбек етті. Табиғи монополиялар, көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы монополияға қарсы реттеу, баға белгілеу және сатыпалым мәселелеріне жетекшілік жасады.
2025 жылғы 22 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.