Валентина Чеславовна Наговицына Витебск облысының Поставы қаласында (Беларусь Республикасы) туған. 1990 жылы С.М.Киров атындағы Витебск мемлекеттік педагогика институтын "математика, информатика және есептеу техникасы мұғалімі" мамандығы бойынша бітірді, ал 2004 жылы Беларусь Республикасының Ұлттық қауіпсіздік институтын бітіріп, "кеден ісінің маманы" біліктілігіне ие болды.
Еңбек жолын 1990 жылы С.М.Киров атындағы Витебск мемлекеттік педагогика институтының информатика және есептеу техникасы кафедрасында инженер-бағдарламашы болып бастады.
1999 жылдан 2016 жылға дейін Витебск кеденінде түрлі лауазымда болып, кедендік статистика бөлімінің инспекторынан кедендік төлемдер бөлімінің бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті.
2016-2025 жылдары Минскідегі Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің Тарифтік реттеу және кедендік төлемдер басқармасы бастығының орынбасары, Тарифтік және тарифтік емес реттеу бас басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 24 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.