Жаңылыктар

23.12.2021

ЕАЭО-ның бірыңғай еңбек нарығында дәрігерлер, педагогтар, IT-мамандар мен жүргізушілер неғұрлым сұранысты

Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ елдерінің құзыретті органдарымен бірлесіп ұлттық еңбек нарығында сұранымды пайдаланылатын кәсіптерді талдау негізінде ЕАЭО еңбек нарығындағы қызметшілердің неғұрлым сұранысты лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін дайындады. ЕАЭО-ның үш немесе одан да көп елінің еңбек нарығында қызметкерлерге сұраным бар кәсіптер сұранысты деп есептеледі.

«Тізбеге кірістірілген кәсіптерді игерген және өзі тұрған жерден тысқары елде жұмысқа орналасуды қалайтын азаматтар Одақтың басқа елдерінде өздеріне қажеттілік бар екендігі туралы анық ақпарат алады, бұл олардың шығынын және жұмыс іздеу мерзімін қысқартады», — деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.

Сондай-ақ тізбені ЕАЭО елдерінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізген кезде пайдалануға болады. Еңбек нарығындағы жағдаятқа сәйкес құжатты тұрақты өзектілендіру жоспарлануда.

Қызметкерлер денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT-технологиялар саласында сұранысты. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қажеттілігі COVID-19 инфекциясы таралған кезеңде әсіресе өсті. IT-технологиялар саласындағы мамандардың өскелең қажеттілігі экономиканың көптеген саласының цифрлық форматқа көшуіне байланысты. Білім беру саласында дәстүрге сай педагогикалық мамандық қызметкерлерінің қажеттілігі жоғары.

Жұмысшылар автомобиль көлігі, сауда, халыққа қызмет ету (көрсетілетін қызметтер), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында неғұрлым сұранысты. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында жұмысшыларға қажеттіліктің өсуі COVID-19 инфекциясы таралу кезеңінде енгізілген шектеулер қысқартылғаннан кейін ұлттық экономикалардың қалпына келуіне және өсуіне байланысты.

ЕАЭО елдерінде байқалған көрсетілетін қызметтер нарығының дамуы да қызметкерлерді көптеп талап етеді. Дәстүрге сай әртүрлі санаттағы көлік құралдарының жүргізушілеріне сұраным жоғары.