Комиссияның шешімдер жобаларының реттеуші әсерін бағалау жөніндегі ЕЭК-тің жұмыс тобы

 

Жұмыс тобының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

Комиссияның шешімдер жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындылар дайындау;

ЕЭК шешімдер жобаларының реттеуші әсерін бағалау қажеттігі туралы мәселелерді қарау

Комиссияның шешімдер жобасының реттеуші әсерін бағалау жөніндегі ЕЭК-нің жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 31 наурызындағы № 25 шешімімен құрылған.

Жұмыс тобы құрамының қолданыстағы редакциясы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 57 өкімімен бекітілген (2018 жылғы 13 ақпандағы № 27 ЕЭК Алқасының өкімімен енгізілген өзгерістермен). Жұмыс тобының құрамы Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларынан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының үйлестірушілерінің өкілдерінен қалыптасқан.

Комиссияның шешімдер жобасының реттеуші әсерін бағалау жөніндегі ЕЭК-нің жұмыс тобының басшысы – Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Тимур Мекешевич Жақсылықов.

Комиссияның шешімдер жобасының реттеуші әсерін бағалау жөніндегі ЕЭК-нің жұмыс тобы басшысының орынбасары – ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Тағыбердіқызы Жолдыбаева.

2015 жылы жұмыс тобының 22 отырысы өтті, 80 мәселе (ЕЭК шешімдерінің жобалары) қаралды.

2016 жылы жұмыс тобының 17 отырысы өтті, 46 мәселе (ЕЭК шешімдерінің жобалары) қаралды.

2017 жылы жұмыс тобының 23 отырысы өтті, 76 мәселе (ЕЭК шешімдерінің жобалары) қаралды.