Еркін Сауда туралы Келісім​

Еркін Сауда туралы Келісім​

Жалпы мәліметтер 

1944 жылғы Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісімнің XXIV бабына сәйкес, еркін сауда аймағы (бұдан әрі – ЕСА) дегеніміз – құрамдас аумақтардан шығарылатын тауарларға қатысты сол аумақтар арасында іс жүзінде барлық сауда үшін баждар мен сауданы реттеудің (бірқатар өзгешеліктерді қоспағанда)  басқа да шектеулері жойылған екі  немесе одан көп кеден аумақтарының тобы.  

Мұндай келісімдер Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерінің бір біріне бірыңғай кемсітпеушілік режимді ұсынуын қамтамасыз ететін ДСҰ бекіткен ұлтқа аса игілікті болатын режимнен айрықша болып табылады. 

ДСҰ егер ЕСА туралы келісімдер еркін сауданы дамытуға қолдау жасайтын, әрі оның қатысушылары мен үшінші елдер арасындағы саудада кедергілер туындатпайтын жағдайда, мұндай келісімдерді қабылдауға бөгет жасамайды.   

Қазіргі уақытта аймақтық интеграция ЕСА түрінде жиі жүзеге асырылып жүр. Осылайша, мысалы, Дүниежүзілік сауда ұйымында (ДСҰ) нотификацияланған қолданыстағы аймақтық сауда келісімдерінің 84 пайызы ЕСА туралы келісімдер болып табылады. Бұл тенденцияны оңай түсінуге болады. Мұндай құжаттарға қол қою үшін ұлттық заңнамаларды әлде тарифтерді үйлестірудің  және әріптестердің географиялық жағынан жақын болуының қажеттілігі жоқ. Соған қарамастан, ЕСА туралы келісімдер стратегиялық жағынан маңызды нарықтарға қол жетімділікті реттейді , яғни қатысушы елдерге өз егемендіктерін барынша сақтай отырып және мейлінше аз күш-жігер жұмсай отырып,  экономикаларын қажетті деңгейде ықпалдастыруға мүмкіндік береді. 

Осы салада жүргізілген зерттеулер ЕСА туралы келісімдердің саны жыл сайын  тек арта түсінін көрсетеді. Бұған статистика дәлел бола алады  мысалы 1995 жылға қарай ДСҰ-да осындай 124 келісім нотификацияланған. Ал 2012 жылдың 15 қаңтарындағы мәліметтер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымы ЕСА туралы 319 қолданыстағы келісімді тіркеген. 

Осылайша, ЕСА туралы келісім үшінші тараптарға қатысты сауда режимдерін орнату саласында өз қызметтерін жүзеге асыруға ЕЭК құқығын белгілейтін 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) басқару саласына кіретін сауда саясатының маңызды құралы болып табылады.