Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен

Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Барсегян Гоар Ашотовна

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен»

09 шілденің 2025 Гоар Барсегян: "ЕЭК өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді дәйекті түрде жақтайды" Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян  Екатеринбургте "Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесін аралап, оның жұмысына, соның ішінде "Технологиялық көшбасшылық: индустриялық серпіліс" бас стратегиялық сессиясына қатысты. Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановтың және ірі өнеркәсіп компаниялары басшыларының қатысуымен өткен іскерлік таңғы аста Гоар Барсегян: "Еуразиялық экономикалық одақ елдері бизнесінің үйлесімді жұмысы түйінді рөл атқарады. Тұтынушыға бағдарлану және нарықтағы өзгерістерге жедел ден қою қабілеті бизнес-қоғамдастыққа ЕАЭО шеңберінде ауқымды міндеттерді шешуге көмектеседі. Комиссия кәсіпкерлердің өз әлеуетін жақсырақ аша алатын жағдай жасау жолында дәйекті түрде жұмыс істеуде", — деп атап өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Өнеркәсіп министрлерінің кеңесінде Еуразиялық кеңістіктегі бірлескен жұмыстың келешегі талқыланды. "Комиссия өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді, технологиялар алмасуды және тиімді интеграциялық байланыстарды қалыптастыруды дәйекті түрде жақтайды. Біз салалық бастамаларды ілгерілетуге, бірлескен жобаларды іске асыруға және ШЫҰ елдерімен технологиялық тәжірибе ауысуға мүдделіміз", — деп атап көрсетті Гоар Барсегян. Ол сондай-ақ Беларусь Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен ЕАЭО-да қаржылық қолдау механизмін және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Сонымен қатар, "Иннопром" іс-шаралары шеңберінде Гоар Барсегян жарықтандыру тіректері мен шырағдандар шығаратын "Энерго-Арсенал" зауытына барды. Кәсіпорын Одақта 2024 жылы іске қосылған кооперациялық жобаларды қолдаудың ұлтүсті бағдарламасының әлеуетті қатысушысының бірі болып табылады. "Иннопром" 2025 жылғы 29 қыркүйек — 1 қазан аралығында өз жұмысын Минскіде жалғастырады. Сол жерде ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді.
07 шілденің 2025 "Бүкілресейлік алқап күні — 2025" шеңберінде ЕАЭО-да асыл тұқымды мал шаруашылығының тиімділігін артыру талқыланды Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян Волгоград облысында "Бүкілресейлік алқап күні — 2025" көрмесі шеңберінде өткен "Генетика. Қарапайым сөздермен маңызды мәселе туралы" атты дөңгелек үстелде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті өнімді өткізу бойынша инновациялық тәсілдемелерді ендіру жайында айтып берді. "Қазіргі кезеңдегі негізгі бағыт Одақ елдері мен Комиссияның селекциялық-асылдандыру жұмысына геномдық талдау негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын болжау әдіснамасын кеңінен ендіру жөніндегі бірлескен қызмет болуға тиіс", — деп атап өтті Наира Карапетян. Көрменің іс-шаралары барысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жоспарлары, отандық селекциялық жетістіктерді сақтаудың қазіргі заманғы мүмкіндіктері, сүтті бағыттағы ірі қара малдың генетикалық әлеуетін жақсарту жолдары талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар жануарлардың асыл тұқымды құндылығын бағалау әдістемесін ендіру нәтижелері туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ Одақ шеңберінде асыл тұқымды ресурстар нарығының жай-күйі мен даму перспективаларын қарады. Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау, өздерінің бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнімін өндіруді ұлғайту үшін олардың генотиптік және фенотиптік белгілерін жинауға және есепке алуға орайлас бірыңғай тәсілдемелерді қолдану қажеттігі атап өтілді. Наира Карапетян мал шаруашылығын орнықты дамыту бойынша ортақ мақсатқа жету үшін келісілген іс-қимылдың маңызды екендігін атап көрсетті.
04 шілденің 2025 АӨК-тегі цифрлық технологиялар оның Одақ елдеріндегі тиімділігін арттырудың негізгі құралына айналуда Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян 4 шілдеде Волгоградта өткен Бүкілресейлік дала күні – 2025 «Дамуға арналған міндеттер: ресейлік өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру» атты пленарлық отырысында мәлімдеді. «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ауыл шаруашылығы сапалы өзгеру қарсаңында тұр. Аграрлық нарықты цифрлық модельге айналдыру – ауыл шаруашылығы өндірісінің жедел өсуіне арналған құралдардың бірі. ЕЭК пен ұлттық үкіметтердің күш-жігері дәл осы бағытқа шоғырланған», – деп атап өтті Гоар Барсегян. Отырыста өсімдік шаруашылығындағы тиімділікті арттыру, оның ішінде заманауи цифрлық шешімдер – пилотсыз технологиялар, цифрлық мониторинг және роботтандыру есебінен арттыру мәселелері талқыланды. Іс-шараға Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут және Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Игорь Горлов қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында Гоар Барсегян Оксана Лутпен жұмыс кездесуін өткізді. Агроөнеркәсіптік кешен саласында ЕАЭО мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясының іске асырылуын талқылай отырып, АӨК саласында интеграциялық процестерді тереңдету және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Агроөнеркәсіптік кешендегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмін іске қосу үшін ұсыныстарды дайындауға күш-жігерді бірлесіп шоғырландыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «АӨК-те бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға, технологиялық жетілдіруге, мемлекетаралық сауда-экономикалық байланыстар мен өзара инвестицияларды ұлғайтуға ықпал ететін болады», – деп атап өтті ЕЭК министрі. Гоар Барсегян ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, ортақ аграрлық нарықты реттеу жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ЕЭК министрі «Бүкілресейлік дала күні – 2025» көрмесінің салтанатты ашылуына қатысып, көрмені аралап, заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен және жабдықтарымен танысты.
26 маусымның 2025 Гоар Барсегян: «ЕЭК роботтарды өндіру бойынша нақты жобаларды қолдауға дайын» Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде технологиялық және бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған өнеркәсіптік роботтар мен роботтехникалық жүйелерді енгізу жөнінде 26 маусымда Минскіде өткен ЕЭФ-2025 дөңгелек үстелінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегянның қатысуымен «Роботтандырылған жүйелерді өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің өсу факторы ретінде қолдану» туралы сөз болды. «Қазіргі уақытта әлемнің жетекші елдері экономиканың түрлі салаларында өнеркәсіптік және сервистік роботтарды, роботтехникалық жүйелерді енгізудің ұлттық стратегияларын әзірлеп, іске асыруда. Технологиялық процестерді автоматтандыру және роботтандыру мәселелері өнеркәсіпте және АӨК-те ерекше өзекті болып отыр, мұнда айтарлықтай кәсіби кадр ресурстары қажет», – деп атап өтті Гоар Барсегян. Әлемнің жетекші мемлекеттерінің роботтандыру тығыздығы 10 000 жұмысшыға 100-ден аса, тіпті 1000 өнеркәсіптік роботтан асатыны белгілі. ЕАЭО елдерінің бизнесі мен мемлекеттік құрылымдарының бастамасы бойынша Одақта «Роботтехника» атты Еуразиялық технологиялық платформасы құрылып, «Өнеркәсіптік роботтехника» атты мемлекетаралық бағдарламасы әзірленуде. Алдағы бес жыл ішінде тиімді өнеркәсіптік роботтар мен роботтехникалық жүйелерді жаппай енгізу міндеті тұр. Ол үшін Еуразиялық «бестік» елдерінің салалық қауымдастықтарының, ғылыми мекемелері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, роботтехникадағы нақты инвестициялық жобаларды іске асыруға көшу орынды. «Тақырыптың өзектілігін ескере отырып, Комиссия қолданыстағы қаржы механизмі аясында өнеркәсіптік және сервистік роботтарды сериямен өндіру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға сәйкес келетін нақты жобаларды қолдауға дайын. Біз қазірдің өзінде қажетті кооперациялық жобаларды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деп түйіндеді Гоар Барсегян.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен»

63
20.05.2025 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 63 О проекте Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части оказания финансового содействия при реализации государствами – членами Евразийского экономического союза совместных кооперационных проектов в отраслях агропромышленного комплекса
13
13.05.2025 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 13 О мерах по развитию свиноводства в государствах – членах Евразийского экономического союза
11
13.05.2025 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 11 О мерах по устойчивому развитию рынка молока и молочной продукции в государствах – членах Евразийского экономического союза
10
13.05.2025 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 10 О мерах по устойчивому развитию рынка мяса крупного рогатого скота в государствах – членах Евразийского экономического союза
12
14.05.2025 Распоряжение Совета ЕЭК № 12 О внесении изменения в перечень финансовых организаций, участвующих в механизме финансового содействия при реализации государствами – членами Евразийского экономического союза совместных кооперационных проектов
в отраслях промышленности

Бағыт бойынша материалдар

18 қарашаның 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0