Жаңалықтар

14.09.2022 (Обновлено: 23.09.2022 12:04)

ЕЭК күш-жігерді дұрыс тамақтану саясатын іске асыруға бағыттайды

14 қыркүйекте ЕЭК-тің Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Салия Карымбаева Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңірлік комитетінің 72-сессиясында сөз сөйледі. ЕЭК өкілі ДДҰ-ның денсаулық сақтау және дұрыс тамақтану саласындағы жаһандық саясатты айқындаушы көшбасшы ретіндегі рөлін атап көрсетті.

Инфекциялық емес аурулардың жаппай таралуы жаһандық проблема болып табылады, мұны шешу үшін тамақ өнімін өндірушілерді, бұқаралық ақпарат құралдарын және билік органдарын тарта отырып, аурулардың профилактикасына орайлас тәсілдемелер кешенді болуға тиіс.

Тұтыну қасиеттері төмен, соның ішінде тамақ өнімінің негізсіз жоғары кенеулігі, молыққан майларды артық тұтыну, микронутриенттер мен тағамдық талшықтардың тапшылығы есебінен тамақ өнімдерін тұтыну өмір сапасының төмендеуіне және халықтың бірқатар инфекциялық емес ауруларының дамуына себеп болып табылады.

Салия Карымбаева өз сөзінде әртүрлі стратегиялар шеңберінде жұзеге асырылатын профилактикалық іс-шаралар инфекциялық емес аурулармен, соның ішінде семіздікпен және артық салмақпен күресудің пәрменді механизмі бола алатынын атап өтті.

Сондай-ақ Салия Карымбаева дұрыс тамақтану саясатын іске асыру механизмдерінің бірі - ғылымды қажетсінетін инновациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын дұрыс тамақтану өнімдерінің кең ассортиментін әзірлеу және өнеркәсіптік шығару болуы мүмкін екенін атап көрсетті.