Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың Статистикалық әржылдығын жариялады.
Әржылдықта 2018-2022 жылдардағы ЕАЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы, соның ішінде халқының саны, оның жұмыспен қамтылуы, тұрмыс деңгейі, білімі, бағалар, жалпы ішкі өнім, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, инвестициялар, құрылыс, көлік пен байланыс, тұтыну нарығы, қаржы нарығының субъектілері, мемлекеттік қаржы және ақша-кредит жүйесі туралы деректер келтірілген.
2018 – 2023 жылдардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер АҚШ доларынан өзге, ЕАЭО мемленкеттерінің валюталарымен де есептелген.
Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Статистикалық жарияланымдар» бөлімінде берілген.