Жаңалықтар

13.07.2022

ЕАЭО-ның алкогольге арналған техрегламентінің өтпелі ережелерінің аяқталу мерзімі ауыстырылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің өтпелі ережелерінің аяқталу мерзімін 2024 жылғы 9 қаңтардан 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстырды.
  Түзету ЕЭК Кеңесінің бұл техрегламенттің күшіне ену күнін 2024 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруына байланысты болды.

Еске сала өтсек, алкоголь өніміне арналған техрегламент 2018 жылы қабылданды. Ол Одақ елдерінде шығарылатын алкогольге және оны өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды, сондай-ақ таңбалауға, буып-түюге және сәйкестікті бағалау рәсіміне қойылатын талаптарды қолдану және орындау үшін белгілейді.

Өз кезегінде, өтпелі ережелерде техрегламент күшіне енгенге дейін қабылданған алкоголь өнімінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2027 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмегенше жарамды деп белгіленген. Мұндай құжаттар бар болған кезде аталған күнге дейін алкоголь өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

Сондай-ақ осы кезеңде одақтық мемлекеттерде техрегламент күшіне енген күнге дейін сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын өнімді осындай бағалау туралы құжатсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбалаусыз өндіру және шығару мүмкін болады.

Өтпелі ережелерді ескере отырып шығарылған өнімнің айналысына осы өнімнің дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.

Үш жылдық өтпелі кезең осындай өнімді өндірушілерге 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін техрегламент нормаларын орындауға біртіндеп көшуге мүмкіндік береді.