Еске сала өтсек, келісім Одақта шетелдік тауарларды қадағалап отыру жүйесін құруға бағытталған, оның басты міндеті – Одақтың бір мүше мемлекетінің аумағынан екіншісінің аумағына орын ауыстыру кезінде олардың айналымының заңдылығын растау, сондай-ақ кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды болдырмайтын жағдайлар жасау, осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды мемлекет тарапынан бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Келісімнің жұмыс істей бастауы үшін ЕЭК Алқасы мен Кеңесінің бірқатар шешімдерін әзірлеу қажет болды. Бүгінгі күнге Комиссия мүше мемлекеттердің сарапшыларымен бірлесіп бүкіл қажетті нормативтік базаны дайындап әрі келісіп үлгерді.