News

18.06.2021 (Обновлено: 30.12.2021 11:45)

Михаил Мясникович Антониу Гутерришті БҰҰ Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Антониу Гутерришке оның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
«Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мүше мемлекеттердің экономикалық үдемелі дамуына жәрдемдесу мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің құрылымдарымен сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға және жаһандық проблемаларды шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға маңызды мән береді. Әлемдік экономиканы дағдарыстан кейін қалпына келтірудегі БҰҰ-ның рөлін ерекше атағым және Комиссияның Одақ елдерінде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыру ниетін растағым келеді», – делінеді құттықтау хатта.

 Михаил Мясникович Антониу Гутерришке шын жүректен мықты денсаулық, есен-амандық және алда тұрған жауапты жұмыста табыстар тіледі.