Նորություններ

20.08.2021

ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара және сыртқы саудасын қолдау үшін Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құрады

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын (ЕҚК) құру жөніндегі практикалық жұмысқа бастау берді. Атап айтқанда, тиісті мәселелермен айналысатын жұмыс тобы ұйымдастырылды. ЕҚК құру және қызметі туралы халқаралық шарттың жобасы алты айдың ішінде әзірленуге тиіс. Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сарапшылық сақтандыру агенттіктері мен мемлекеттік органдарының жыл ішінде жүргізген бірлескен жұмысының негізінде қабылданды, олар мүше мемлекеттердің өзара және сыртқы саудасын сақтандырып қолдау шаралары туралы баяндама дайындады.

Баяндамаға сәйкес, ЕҚК халықаралық қаржы ұйымы мәртебесінде ұйымдастырылуы, оның капиталы мүше мемлекеттердің, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының мүліктік жарналары есебінен қалыптастырылуы мүмкін. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы 200 млн АҚШ долл. құрай алады, ықтимал сыйымдылығы - 2 млрд долл.дейін.

«Ұлтүсті қайта сақтандыру ұйымын құру ЕАЭО-ның бүкіл кеңістігінде сақтандыру сыйымдылығын ұлғайту және тәуекелдерді жақсырақ басқару есебінен өзара сауда, сондай-ақ кооперациялық өнімнің сыртқы саудасы үшін мүмкіндіктерді елеулі түрде өсіре түсуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.


Сарапшылық бағалауға сай, 2 млрд долл. мөлшерінде қосымша сақтандыру сыйымдылығының пайда болуы ЕАЭО ішінде өзара сауда көлемін 6 млрд долл.астам сомаға арттыруға алып келуі мүмкін.

Егер мұндай кепілдік жобаны қаржыландыру мен сақтандырудың талабы болып табылса, қайта сақтандыру Одақ елдерінің мемлекеттік кепілдігіне балама ретінде көріне алады.

Күтіліп отырғанындай, ЕҚК толық мәнінде жұмыс істеуге 2023 жылы кіріседі.