Նորություններ

10.12.2021 (Обновлено: 06.04.2022 11:48)

Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы ЕАЭО-ның құрылыс саласында толық көлемінде жұмыс істейтін болады

10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын (КҚБН) құрылыс саласында толық көлемінде іске қосу туралы шешім жобасын мақұлдады. Шешім құрылыс қызметтерін көрсетудің қолданыстағы тізбесін жаңа көрсетілетін қызметтермен толықтырады. Бұл КҚБН-дағы осы секторды реттеудің фрагменттілігін алып тастау арқылы құрылыс саласында бірыңғай нарықтың жұмыс істеу тиімділігін арттырады. Бұл құрылыс қызметтерін көрсетуді жеткізушілерге ЕАЭО-ның бүкіл аумағында ұлттық режим жағдайында, қосымша құрылусыз, қолда бар рұқсаттың негізінде және персоналдың біліктілігін тануды ескере отырып, құрылыс саласындағы жұмыстардың кең тізбесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Шешімде 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылыс саласындағы уәкілетті органдарға ЕАЭО-ның әртүрлі мемлекеттерінде берілген рұқсаттарды тану мақсатында оларды салыстыруға мүмкіндік беретін құрылыс көрсетілетін қызметтерін жеткізуге арналған барлық рұқсаттың салғастырмалы тізбесін дайындау көзделген.

«Құрылыс нарығы барлық мүше мемлекет үшін маңызды сектор болып табылады. Осыған байланысты Жоғары кеңес қабылдаған шешімді біздің елдеріміздің құрылыс бизнесі оң бағалайды деп ойлаймыз»,- деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.


Анықтама:

Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы – тараптар кемсітушілік, сандық және өзге шектеулер қолданбайтын, рұқсаттар мен біліктіліктер танылатын және Одақтың бүкіл аумағында заңды тұлға нысанында қосымша құрмай көрсетілетін қызметтерді жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін көрсетілетін қызметтердің нақты секторының жай-күйі. Бүгінгі таңда бірыңғай нарық форматында көрсетілетін қызметтердің 55 секторы жұмыс істейді.