Іс-шараны аша келіп, ЕЭК министрі ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жобасын және мүше мемлекеттер аумағында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын келісу бойынша белсенді жүргізілетін диалогтың маңыздылығын атап көрсетті. Ол бұрын жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың сөзсіз орындалуының маңызды екенін атап өтті.
Кеңеске қатысушылар ортақ нарықта газ тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерге кемсітусіз және ашық баға-тариф белгілеуді қамтамасыз ету қажеттігін растады, екіжақты халықаралық шарттардың қолданылуы мәселелері және нарыққа қатысушыларды айқындау ерекшеліктері бойынша пікір алмасты.
Тараптар газ жеткізудің айрықша сезімтал мәселелерін реттеуге дайындықты білдірді және халықаралық шарт пен қол жеткізудің бірыңғай қағидалары жобаларының жекелеген ережелерін келісу бойынша нысаналы консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.
Түпкілікті шешімді келесі жылғы көктемде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қабылдайтын болады