24.12.2021
ЭЫДҰ ЕАЭО-дағы бәсекелестік жөнінде сарапшылық шолу жариялады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) тиісті сарапшылық ұсынымдарымен Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелестік саласындағы құқықтық реттеу мен саясатты сарапшылық шолудың қорытындыларын жариялады. Бұл ЭЫДҰ-ның Комиссияның қызметіне шолу жасаған бірінші тәжірибесі. Атқарылған жұмыс шеңберінде ЭЫДҰ сарапшылары бәсекелестік, іс жүргізу актілері, ЕАЭО-дағы бәсекелестік саясаты мен құқық қолдану, ЕЭК құрылымы мен жұмыс істеуі, бәсекелестікті реттеудің жұмыс істеп тұрған институттарының тиімділігі, халықаралық ынтымақтастық және бәсекелестікті адвокаттандыру саласындағы ЕАЭО құқығына ізеуіртті талдау жүргізді. Оларды жақсарту жөнінде ұсынымдар берілген. Шолу қорытындылары ЕЭК-тің Одақтың трансшекаралық нарықтарында адал кәсіпкерлікті дамыту және қорғау жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.