Նորություններ

09.08.2021

ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімінің бағасы 2021 жылғы маусымда мамыр айымен салыстырғанда 0,9% төмендеді

Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бағасы үстіміздегі жылғы маусымда мамыр айымен салыстырғанда 0,9% төмендеді. Өсімдік шаруашылығы өнімі есебінен неғұрлым елеулі төмендеу - 14,6% Армения Республикасында болды. Қырғыз Республикасында баға керісінше 3,3% өсті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің жедеғабыл-шолуында айтылған.

Сонымен бірге, жедеғабыл-шолуда 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бағасы ЕАЭО-да 6,7% өскені атап өтілген. Олардың мейлінше көп өсімі Қырғыз Республикасында (15,9%) тіркелді, Армения Республикасында баға 6%-ға дерлік төмендеді.