Перейти на старую версию сайта

Նորություններ

29.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 16:31)

Құс етіне арналған техникалық регламент бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың «Құс етінің және оның өңделген өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қабылдады. Құжат жануардан алынатын тамақ өніміне қойылатын міндетті талаптарды регламенттейді. Ол сондай-ақ бірыңғай терминологияны, сәйкестендіру қағидаларын, өндірістің, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және таңбалау процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Атап айтқанда, техрегламент:
- құс сою өнімдеріндегі 50 ветеринариялық дәрілік заттардың қалдық мөлшерінің рұқсат етілген ең жоғары деңгейін;
- құс етінен өңделмеген өнімді өндіру процесінде суды, ингредиенттерді және тағамдық қоспаларды (фосфаттарды қоса) енгізуге тыйым салуды;
- құс етінен жасалған қайта өңделген өнімнің құрамындағы суды ол қосудың (маринадтар, ингредиенттері мен қоспалары бар тұздықтар) кез келген тәсілі кезінде пайдаланылған жағдайда көрсету, сондай-ақ құс етінің механикалық жолмен сүйегінен ажыратылғанын көрсету қажеттігін;
- құс етін еріту кезінде бөлінген ылғалдың 4%-дан аспауға тиіс салмақтық үлесінің нормативін;
- құс етінен жасалған өнімді өндіру кезінде балаларды тамақтандыру үшін фосфаттарды, дәм мен хош иісті күшейткіштерді, бензой, сорбин қышқылдары мен олардың тұздарын, ГМО және пестицидтері бар шикізатты пайдалануға тыйым салуды;
- құс етінен жасалған өнімнің тағамдық құндылығының көрсеткіштері (ақуыз, май, көмірсу, кенеулігі) үшін таңбалауда көрсетілгендерден нақты мәндердің ауытқуына жол берілетінін айқындайды.

Сәйкестікті бағалау құс сою өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы, құс етінен жасалған өнімнің (жартылай дайын өнімді қоса) сәйкестігін декларациялау, балалар тағамына арналған өнімді мемлекеттік тіркеу нысандарында белгіленген.

Техникалық регламент 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ретте әдістерді әзірлеу шамасына қарай күшіне енгізілетін және стандарттар тізбесіне кірістірілетін бірқатар қажетті стандарттардың болмауына байланысты регламентте перспективалық кейінге қалдырылған:
- құс сою өнімдеріндегі жекелеген ветеринариялық дәрілік заттардың қалдық мөлшерінің рұқсат етілген ең жоғары деңгейін бақылау жөніндегі;
- тоңазытылған құс етін сақтау кезінде бөлінген ылғалдың салмақтық үлесі жөніндегі;
- құс етінен жасалған өнімнің мемлекетаралық стандарттарда және «Құс етінің және оның өңделген өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентте белгіленгендерге ұқсас ойлап табылған атауларды пайдалану жөніндегі нормалар белгіленген.

ЕЭК Кеңесінің шешімінде сондай-ақ Ресей Федерациясының Одақ елдерімен бірлесіп регламентке өзгерістер жобасын дайындауы жөніндегі ереже қосылған, ол құс етінен жасалған өнімнің барлық түрін ет және құрамында ет бар топтарға саралауға көшуге мүмкіндік береді.