Նորություններ

14.09.2021 (Обновлено: 13.01.2022 10:09)

ЕАЭО-да теміржол көлігі саласындағы үш техникалық регламенттің жаңа редакциялары қабылданды

ЕЭК Кеңесі Кеден одағының «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» және «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» үш техникалық регламентінің жаңа редакцияларын қабылдады.


Техникалық регламенттердің жаңа редакцияларын Ресей Көлік министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп, теміржол әкімшіліктерімен, көлік және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастығымен және өндірушілерімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып әзірледі.

Үш техникалық регламентті жаңа редакцияларында қабылдау кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына оң әсер етеді, өйткені қолданыстағы техникалық регламенттерді қолданудың 2011 жылдан бергі жинақталған практикасын ескере келгенде, өнеркәсіп пен пайдаланушылар үшін тұтастай бірқатар өзекті ережелерді қамтиды, оларды қолдану саласындағы айқынсыздықтарды жояды, типтік схемалардың бірыңғай қағидалары мен рәсімдері бойынша сәйкестікті бағалауды біріздендіреді.

Соның ішінде «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» техрегламентті қолдану саласынан қосалқы өндірістік процестерде пайдаланылатын және ортақ пайдалану жолдарына шықпайтын маневрлік локомотивтер алып тасталады және «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» және «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» техрегламенттердің қолданылу саласына жүк теміржол тасымалдарының қауіпсіздік деңгейіне елеулі әсер ететін өнімдердің жаңа түрлері (үш білікті, төрт білікті арбалар және олардың компоненттері) кірістіріледі.

Жаңа редакциядағы құжаттарды олар қабылданған соң жарты жылдан кейін күшіне енгізу жоспарланған. Жаңа реттеу объектілері үшін өнеркәсіптің осы талаптарға дайындалуы мақсатында күшіне ену мерзімі 18 ай болып белгіленген.