Бұл туралы «Ресей бизнесінің апталығы — 2021» интеграциялық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко айтып берді. Одақ өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетінің кешенділігі қауіпсіздік те соған жатқызылған міндетті саланы жүйелі реттеуді ғана бағамдап қоймайды. Бірақ бұл — өнім сапасын арттыру, сапа инфрақұрылымының барлық құраушыларын үйлесімді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясы шеңберінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте сапаны қамтамасыз етудің Еуразиялық жүйесін құру тұжырымдамасын әзірлеу міндеті қойылды.
«Бұл құжатты қалыптастыру бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен жүзеге асырылатыны сөзсіз. Комиссия өз қызметін өнімнің сапасымен және бәсекеге қабілеттілікпен байланыстырған барлық кәсіби шеберлер белсене қатысады деп санайды», — деп мәлімдеді ЕЭК министрі.
Виктор Назаренко Еуразиялық экономикалық одақта техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін дамыту перспективаларын, сондай-ақ осы процестегі бизнестің рөлін арттыру мәселелерін де сөз етті.
Одақта техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру процесінің халықаралық практикада аналогтары жоқ. Жүйе шеңберінде бар болғаны он жыл ішінде Одақта айналыстағы өнімнің 85%-дан астамын қамтып отырған 51 техникалық регламент қабылданды. Жүйені қалыптастыруға мемлекеттік органдардың, ғылыми және бизнес-қоғамдастықтар атынан өкілдік ететін айтарлықтай көп сарапшылар тартылды. Техникалық реттеу жүйесін қалыптастыруды аяқтау үшін тағы да тоғыз техникалық регламентті бекіту және қабылданған құжаттардың ғылыми-техникалық деңгейін ұстап тұру жөнінде жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет. Көп жағдайда бұл процестерді іске асыру үшін бизнестің рөлі айқындаушы болады.
«Өнімге қойылатын талаптарды техрегламенттер мен өзара байланысты стандарттар тізбесін әзірлеудің барлық сатысында бизнестің белсенді қатысуынсыз қалыптастыру мүмкін емес. Комиссия құжаттарды дайындау кезінде бизнес-қоғамдастықпен белсенді өзара іс-қимылға ашық. Біз техникалық регламенттерді практикалық қолданудың нәтижелерін, жетіспейтін, сол сияқты перспективалық стандарттарды әзірлеуді қоса, техникалық реттеудің барлық аспектісі бойынша ЕАЭО елдерінің позициясын қалыптастыруға белсене қатысады деп санаймыз», — деп атап көрсетті ЕЭК министрі Виктор Назаренко.
Оның сөзінше, өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптар жүйесін қалыптастырумен қатар, нарықты қауіпсіз емес өнімнен, бірінші кезекте, берілген рұқсат құжаттары арқылы да, сол сияқты белгіленген талаптарды сақтауды пәрменді мемлекеттік бақылау (қадағалау) арқылы да әкелінетін өнімнен қорғаудың тиімді механизмдерін ендіру өте маңызды.
ЕЭК министрі өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптар мен оның сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұлжытпай сақтаудың, сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды негізсіз беруді болдырмаудың маңыздылығын атап көрсетті.
Анықтама:
«Ресей бизнесінің апталығы — 2021» интеграциялық форумы — Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы (РӨКО) жыл сайын өткізетін іс-шара.
2021 жылы РӨКО 30 жылдық мерейтойын атап өтті.
Ресей бизнесі апталығының мақсаты — бизнес пен меморгандардың салық және қаржы жүйелерінің, инвестициялық ахуалдың, еңбек нарығының, әлеуметтік инвестициялардың мәселелерін, әкімшілік тосқауылдарды жоюды және басқа мәселелерді талқылауы болып табылады.