Նորություններ

30.11.2021

ЕАЭО елдерінде эмитенттер бағалы қағаздарды Одақтың барлық биржасында орналастыра алады

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздардың орналастырылуына және айналысына трансшекаралық рұқсат ету туралы келісім жобасын мақұлдады. Келісім ЕАЭО елдерінің эмитенттеріне Одақтың қор биржаларының кез келгеніне сенімділігі жоғары корпоративтік бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысына мүмкіндік береді. Оның басты мақсаты — ЕАЭО аумағында ортақ биржалық кеңістік қалыптастырудың негіздерін қалау.
«Келісімді іске асыру нәтижесі инвестициялық белсенділікті арттыру, капиталдың еркін қозғалуы үшін жағдайлар жасау, қаржы өнімдерінің қолжетімділігі мен әралуандығын арттыру, сондай-ақ бағалы қағаздар эмитенттері үшін капитал нарығына қол жеткізуді кеңейту болады», — деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.

Сөйтіп, келісім эмитенттер үшін Одақтың бес мемлекетінің капитал нарықтарына қол жеткізуді айтарлықтай кеңейтеді, ал сауда-саттыққа қатысушылар үшін инвестициялау мақсатындағы жаңа құралдарға қол жеткізуді ұсынады.

ЕЭК министрі жобаның пилоттық болып табылатынын және Одақ елдерінде қолданыстағы реттеуді елеулі түрде өзгертпестен, интеграциялық мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретінін де қоса айтып өтті.

Алқа мақұлдаған келісім жобасы мемлекетішілік келісу жүргізу үшін ЕАЭО елдері үкіметтеріне жіберілетін болады.