Департаменттің негізгі міндеттері:
  •  Комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
  •  Комиссия мүлкін басқарудыұйымдастыру, соның ішінде Комиссия ғимараттарын пайдалану және оларға қызмет көрсету;
  •  Комиссияға көлік қызметін көрсетуді ұйымдастыру;                               
  •  Комиссияның Алқа мүшелерінің, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымдық тұлғалары мен қызметкерлерін кадрлық және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес,  белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды  жүзеге асырады​:

1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың, өзге халықаралық шарттардың және Одақ құқығын құрайтын актілердің ережелерін іске асыру туралы ұсыныстар дайындайды, Департаменттің құзыреті шеңберінде құжаттар жобаларын әзірлейді;
2. 
Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес тауарларды сатып алуды, жұмыстар орындау мен қызметтер көрсетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, шарттар жасасуды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 
3. 
Комиссияның теңгеріміндегі материалдық-техникалық құралдардың есепке алынуын, сақталуын және есептен шығарылуын қамтамасыз етеді; 
4. 
жиһаздарды орналастыруды және Комиссия қызметкерлерінің жұмыс орындарын қалыптастыруды ұйымдастырады;
5. 
Комиссияның әкімшілік ғимараттарында рұқсатнамалық және объектішілік режимдерді ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді;
6. 
Комиссияның үй-жайларының, ғимараттарының және ғимараттарға іргелес аумақтардың жай-күйін, соның ішінде жөндеу жұмыстарын қажет ететін объектілерді анықтау мақсатында жүйелі түрде қарап тексеруді ұйымдастырады;
7. 
ағымдағы және күрделі жөндеулерді жүргізу жоспарларын әзірлейді;
8. 
жөндеу жұмыстарының орындалу барысына және оларды өткізу графигінің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9. 
Комиссияның үй-жайлары мен ғимараттарын күрделі жөндеуден кейінпайдалануға беру үшін қабылдау жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастырады;
10. 
Комиссия ғимараттарын, үй-жайларын, инженерлік желілерін, коммуникацияларын техникалық жарамды жағдайларда ұстауға бақылау жасауды жүзеге асырады;
11. 
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің Комиссияның үй-жайларында және ғимараттарында орналасуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметтік алаңдардың пайдаланылуын есепке алады;              
12. 
Комиссияның үй-жайлары мен ғимараттарында коммуналдық, пайдалану және әкімшілік-шаруашылық қызметтер көрсетушілермен жұмысты ұйымдастырады;
13. 
Комиссияның Алқа мүшелерін, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін Одақ құқығын құрайтын актілермен белгіленген тәртіпке сәйкес қызметтік тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және ол бойынша ақпаратты жүйелейді;
14. 
Комиссияның Алқа мүшелеріне, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне автокөліктік қызметтер көрсету құқығына арналған конкурсты ұтып алған шеткері ұйымдарға автомобильдердің берілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
15. 
Комиссия мұқтаждықтары үшін сатып алынған автомобильдерді Жол қозғалысы қауіпсіздігінің Мемлекеттік инспекциясы органдарында (ЖҚМИО) тіркеуді ұйымдастырады;
16. 
автомобильдерге жоспарлы техникалық байқаулар өткізуді, автомобильдерді сақтандыруды және оларды пайдалануға дайындауды ұйымдастырады; 
17. 
Комиссия автомобильдерінің диспетчерленуін жүзеге асырады, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен жүргізушілер құрамының  өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
18. 
автомобильдердің техникалық жай-күйіне, шеткері ұйымдардың автомобильдерді пайдалану ережелерін сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
19. 
бірыңғай кадр саясатын іске асыруға қатысады;
20. 
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Комиссия департаменттеріндегі бос лауазымдарғаконкурстар дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
21. 
Департаменттің құзыреті шеңберінде кадр мәселелері жөніндегі бұйрықтар жобаларын дайындайды;
22. 
Комиссияның құрылымдық бөлімшелері штат кестелерінің және оларға енгізілетін өзгерістердің жобаларын дайындайды;
23. 
Комиссия қызметкерлеріне аттестаттау өткізуді ұйымдастырады;
24. 
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін кәсіби қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
25. 
Комиссия Алқасы мүшелерінің, Комиссия құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің еңбек кітапшалары мен жеке істерін ресімдеу бойынша жұмысты жүргізеді;
26. 
еңбек сіңірген жылдары бойынша мемлекеттік зейнетақы алуға материалдар ресімдейді;
27. 
Комиссия Алқасы мүшелерінің, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне (Ресей Федерациясының азаматтары үшін) сақтандыру зейнетақылық куәліктерін ресімдейді;
28. 
Комиссия Алқасы мүшелерін, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін Одақ құқығын құрайтын актілермен белгіленген тәртіпке сәйкес медициналық қызмет көрсетумен қамсыздандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
29. 
өз құзыреті шегінде Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің Одақ құқығын құрайтын шарттармен және өзге актілермен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауын бақылайды;
30. 
Комиссия Алқасы мүшелері, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері  Одақ құқығын құрайтын актілерімен белгіленген тәртіпке сәйкес табыс ететін, Комиссия Алқасы мүшелерінің, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің  табыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді жинайды және өңдеп отырады, сондай-ақ олардың уақтылы табыс етілуін бақылайды;
31. 
көрсетілген мәліметтердің анықтығы мен толықтығына Одақ құқығын құрайтын актілерде белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
32. 
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультация береді; 
33. 
Ресей Федерациясының азаматтығы жоқ Комиссия Алқасы мүшелерін, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерін Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелуін ресімдеуді қамтамасыз етеді;
34. 
Комиссия Алқасы мүшелерінің, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің демалыс графигінің жасалуын, демалыс күндерінің санын есепке алу мен айқындауды,  жұмыстан босатылған кезде пайдаланбаған демалысына өтемақы есептелуін бақылап отырады; 
35. 
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары   мен қызметкерлерін марапаттауға (көтермелеуге) ұсыну үшін, оларды материалдық және тәртіптік жауапқа тарту бойынша материалдар дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшылығы арқылы (бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары) Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары  мен қызметкерлері жасаған тәртіптік теріс қылықтар бойынша, соның ішінде Комиссияға материалдық залалдыөтеу мақсатында жазбаша түсініктемелер талап етілуін жүзеге асырады;
36. 
Комиссияныңбасқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Комиссия Алқасы мүшелерінің, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
37. 
«Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған адамдарды есепке алуды қамтамасыз етеді;
38. 
Комиссияда іссапарлар жоспарларыныңжасалуын ұйымдастырадыжәнебақылайды;
39. 
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, қызметтік іссапарлардың құжаттамалық ресімделуін жүзеге асырады;

40. Комиссияның мұқтаждықтары үшін сапарларды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 
41. 
Комиссия бұйрықтарының көшірмелерін және басқа да кадр мәселелері жөніндегі құжаттарды мөрмен куәландырады;
42. 
Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
43. 
қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді және өзге де таралуы шектелген мәліметтерді өз құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз етеді;
44. 
Комиссия қызметі барысында алынған, Комиссия Алқасы мүшелері, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері туралы дербес деректердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
45. 
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті есептік жиынтықақпаратты дайындайды және Комиссия басшылығына ұсынады.