Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті (бұдан әрі тиісінше - Департамент, Комиссия) статистика саласында Комиссия қызметін қамтамасыз ететін Комиссияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті туралы ереже​ Комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 23шілдедегі  № 212 бұйрығымен бекітілді.
 
Департамент қызметінің бағыттарын айқындайтын негізгі нормативтік құжаттар:​
Департаменттің негізгі міндеттері:​
  1. Комиссияны қажетті статистикалық ақпаратпен және ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
  2. статистика саласындағы бірыңғай, халықаралық деңгейде салғастырмалы  стандарттарды, сыныптамалар мен әдіснаманы әзірлеуді ұйымдастыру, сондай-ақ оларды ендіру бойынша КО және БЭК мүше мемлекеттері уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы;
  3. Комиссия бекітетін статистикалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес статистикалық көрсеткіштердің дерекқорын құру және жүргізу;
  4. өз құзыреті шеңберінде экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, экологиялық және өзге де салалардағы статистикалық ақпаратты жинақтау және тарату болып табылады.
Статистикалық ақпаратты таратуды Департамент Комиссия Алқасы жыл сайын бекітіп отыратын Статистикалық жұмыстар бағдарламасы​ на сәйкес жүргізеді.
Комиссияның статистика саласындағы шешімдерін қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеп алу бойынша КО және БЭК мүше мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен консультациялар өткізу, сондай-ақ аталған салада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдерінің жобалары бойынша келісілген ұстанымдарды әзірлеп алу үшін Комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 129 шешімімен Комиссияның Алқасы жанында Статистика жөніндегі консультативтіккомитет​ құрылды.​

Департаментте төрт бөлім құрылған:
  • экономикалық статистика және жинақтау жұмыстары бөлімі;
  • сыртқы және өзара сауда статистикасы бөлімі;
  • қаржы статистикасы бөлімі;
  • салалық және әлеуметтік-демографиялық статистика бөлімі.
Бөлімдер статистиканың тиісті салалары бөлігінде Департамент міндеттерінің шешілуін және функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді.  Экономикалық статистика және жинақтау жұмыстары бөлімі жалпы Департамент бойынша жинақтау жұмысының орындалуын да қамтамасыз етеді.
 
​​