РЕТТЕУШІ ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ САЛАСЫНДА ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
 
1.Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізу қажеттігі және оларды жүргізу тәртібі қандай нормативтік құқықтық актілермен көзделген?

Реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізу қажеттігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша болып табылатын, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 15-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер етуі мүмкін Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері осындай шешім жобаларына реттеуші әсерін бағалау жүргізу нәтижелерін есепке ала отырып қабылданады.

Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізу тәртібі 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 98 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентінің IX бөлімімен белгіленген.
 
2. Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімі қандай мақсатпен жүргізіледі?

Реттеуші әсерді бағалау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобаларының ережелерінде көзделген немесе аталған ережелерге байланысты туындайтын кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін артық міндеттер, шектеулер және (немесе) тыйым салулардың көрсетілген ережелеріне байланысты туындайтын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында тауарлар, қызметтер көрсету, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін тосқауыл болатын кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің негізсіз шығындарын анықтауға және жоюға бағытталған.
 
3. Реттеуші әсерді бағалау рәсімі қандай кезеңдерден тұрады және қандай мерзімде жүргізіледі?

Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу мына кезеңдерден тұрады:
1)      ағымдағы баға – Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасын әзірлеу, оған ақпараттық-аналитикалық анықтама және сауалнама парағын жасау, сондай-ақ ашық талқылау (толтыру);
2) қорытынды баға – реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау.
Ағымдағы бағалау кезеңінде Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасын ашық талқылау Еуразиялық экономикалық одақтың ресми Интернет-сайтында орналастыру арқылы кемінде 30 күнтізбелік күн ішінде, 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі, бұл мерзім аяқталғаннан кейін осы сайтта оларды есепке алу және (немесе) олардың күшін жою негіздері туралы мәліметтерді көрсете отырып ұсынылған ұсыныстар туралы жиынтық ақпарат орналастырылады.
Комиссияның шешім жобаларына реттеуші әсерді бағалауды жүргізу бойынша ЕЭК-тің жұмыс тобының қорытынды бағасы кезеңінде 15 күнтізбелік күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер жобасына реттеу әсерді бағалау туралы қорытынды дайындалады.
 
4. Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау қандай критерийлер бойынша жүргізіледі?

Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау критерийлері негізгі сапалық реттеу сипаттамалары болып табылады:
1) шешу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасы жіберілген мәселе, реттеу мақсаты және мүдделерін қорғау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасы жіберілген тұлғалар тобы;
2) реттеу адресаттары, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері және оларға реттеумен көрсетілетін әсер;
3) адресаттар үшін белгіленген шектеулерді реттеудің мазмұны (міндетті тәртіп ережелері);
4) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасында көзделген реттеу мәселесін шешу және мақсатына жету механизмі (қосымша тіркелетін реттеу мен шешілетін мәселе арасындағы өзара байланысқа сипаттама беру)
5) қаралған ұсынылатын реттеуге баламалы мәліметтер.
 
5. Реттеуші әсерді бағалау рәсімінің шеңберінде ашық талқылау жүргізу үшін орналастыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия шешімінің жобасына қандай құжаттар қосымша тіркеледі?

Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларын реттеуші әсерін бағалау рәсімінің шеңберінде ашық талқылау үшін онымен бір уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың Интернет-сайтында мына екі құжат қоса орналастырылады:
- Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер ету салдары туралы ақпараттық-аналитикалық анықтама, ол аралық аналитикалық есеп болып табылады және онда әзірлеуші-департаменттің пікірі, соның ішінде реттеудің негізгі сапалы сипаттамалары көрсетіледі;
- Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасына, соның ішінде негізгі сапалық реттеу сипаттамаларына осы тұлғалардың сараптамалық бағасын алуға арналған мүдделі тұлғаларға стандартты сұрақтар тізбесін құрайтын, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасын ашық талқылауға арналған сауалнама парағы.
Ақпараттық-аналитикалық анықтама және сауалнама парағының нысандары және оларды жасау тәртібі 2015 жылғы 5 мамырдағы № 46 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Ішкі құжат айналымы ережелеріне № 5 қосымшада көзделген.
 
6. Реттеуші әсерді бағалау рәсімінің шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер жобаларын ашық талқылау кезінде кім, қалай және қандай үлгіде ұсыныстар мен ескертпелер жібере алады?

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер жобаларын ашық талқылау шеңберіндегі ескертпелер мен ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе үшінші тараптың кез-келген тұлғасы: бизнес-қауымдастық (ұлттық, өңірлік немесе салалық кәсіпкерлік бірлестік), шаруашылық жүргізетін субъекті (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық емес ұйым) немесе жеке тұлғамен (азаматпен) жіберіледі алады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар мына үш тәсіл арқылы жіберіле алады:
- Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтының тиісті сервисін пайдалана отырып (http://www.eaeunion.org);
- электронды пошта арқылы (сауалнама парағында көрсетілген электронды пошта мекенжайына);
- Еуразиялық экономикалық комиссияның пошталық (119121, Мәскеу қ., Смоленский бульвары, 3/5 үй, 1 құр.) немесе нақты мекенжайына (115114, Мәскеу қ., Летниковская к-сі, 2 үй, 1 құр., 2 құр.) хат жолдау арқылы қағаз тасығышта;
Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер жобасына ескертпелер мен ұсыныстар:
- Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасына жалпы немесе оның жекелеген ережелеріне ескертпелер мен ұсыныстар үлгісінде еркін мәтіндік үлгіде баяндалған түрінде;
- ашық талқылау үшін жариялау кезінде Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасымен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың ресми Интернет-сайтында орналастырылатын толтырылған сауалнама парағы түрінде ұсынылауы мүмкін.
 
7. Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасы реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың Интернет-сайтында неше рет орналастырылу керек?

Реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми Интернет-сайтында үш рет орналастырылу керек:
- бірінші рет Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасын ашық талқылау үшін жариялау кезінде;
- екінші рет ашық талқылау нәтижесінде өңделген, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешім жобасын Комиссияның шешімдер жобасына реттеуші әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі ЕЭК-тің жұмыс тобына қарауға қорытынды жасауға жіберу кезінде жарияланады.

-үшінші рет Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер жобасын реттеуші әсердің бағасы туралы қорытынды негізінде өңдеу (қажет болса) нәтижелері бойынша жарияланады.