Комитеттің негізгі міндеті мына мәселелер бойынша үздік халықаралық тәжірибе негізін қоса алғанда, ұсыныстарды дайындау болып табылады:
Одаққа мүше мемлекеттер аумағында кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет саласындағы үйлестірілген саясатты қалыптастыру және іске асыру (бұдан әрі – мүше мемлекеттер);
кәсіпкерлік қызмет саласындағы артық әкімшілік тосқауылдарды жою;
мүше мемлекеттердің аумағындағы инвестициялық қызметті және қызметтер көрсетумен өзара сауданы қоса алғанда, бизнес-климатты жақсарту.
2017 жылғы 29 тамыздағы № 110 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының өкімімен Комитеттің қазіргі құрамы бекітілген. Комитет құрамы атқарушы билік органдары, кәсіпкерлер қауымдастығы, сауда-өнеркәсіптік палаталар мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзге ұйымдарының өкілдерінен қалыптасқан. Армения Республикасы Комитеттің 7 мүшесімен, Беларусь Республикасы – 14, Қазақстан Республикасы – 16, Қырғыз Республикасы – 7, Ресей Федерациясы – 20 мүшемен ұсынылған.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің төрағасы – Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Тимур Мекешевич Жақсылықов.Комитеттің жұмыс органдары:
өзара сауда және инвестициялық қызмет саласындағы артық тосқауылдарды жою жөніндегі (құрамы);
сыртқы сауда қызметі саласындағы артық тосқауылдарды жою жөніндегі (құрамы) шағын комитеттер болып табылады.
Комитет жанында:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық даму институттарының өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі (құрамы);
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмдерін дамыту жөніндегі (құрамы) сарапшылар тобы құрылған.