1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде зияткерлік меншік саласы қандай бағыттарды қамтиды?

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың «Зияткерлік меншік» атты XXIII бөліміне сәйкес мүше мемлекеттердің зияткерлік меншікке құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы ынтымақтастығы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) ғылыми және инновациялық дамуды қолдау;

2) зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және пайдалану тетіктерін жетілдіру;

3) мүше мемлекеттердің авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды иеленушілері үшін қолайлы жағдайлар ұсыну;

4) Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлар шығарылған жерлерінің атауларын тіркеу жүйесін енгізу;

5) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды, оның ішінде Интернет желісінде қорғауды қамтамасыз ету;

6) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тиімді кедендік қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу арқылы қамтамасыз ету;

7) контрафактілік өнімдер айналымының алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған үйлестірілген шараларды жүзеге асыру.

2. Еуразиялық экономикалық одақта зияткерлік меншік саласында ұлттық режим және неғұрлым қолайлы режимі көзделген бе?

Иә, көзделген.

Бір мүше мемлекеттің адамына екінші мүше мемлекеттің аумағында зияткерлік меншік объектісінің құқықтық режиміне қатысты ұлттық режим ұсынылады. Мүше мемлекеттің заңнамасымен хат жазысу үшін мекенжайды көрсетуді және өкілін тағайындауды қоса алғанда, сот және әкімшілік рәсімдерге қатысты ұлттық режимнен алып тастаулар көзделуі мүмкін.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздерінің заңнамасында мүше мемлекеттерге қолданылатын халықаралық құқықтық актілерде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде көзделгенге қарағанда, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін нормаларды қарастыра алады.

3. Зияткерлік меншік саласында Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша Комиссия қандай шаралар қабылдауда? Осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибе ескеріле ме?

Зияткерлік меншік саласында Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия тұрақты негізде халықаралық құқыққа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аталған саладағы ұлттық заңнамасына өзгерістер мониторингін жүзеге асырады. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, оларды еңсеру бойынша шаралар әзірлеу мақсатында зияткерлік меншік айналымына қатысты туындауы мүмкін жағымсыз үрдістерді балама, жан-жақты зерттеуге күш жұмсайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия норма шығармашылық қызметінде қолдану үшін тәжірибе және ашық ақпарат алмасу мақсатында зияткерлік меншік саласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен тұрақты өзара іс-қимылды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты, соның ішінде халықаралық ұйымдармен, үшінші мемлекеттердің өкілдіктерімен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Мәселен, Еуразиялық экономикалық комиссия Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ), Зияткерлік меншік жөніндегі Еуропалық одақ ведомствосымен (EUIPO), Еуразиялық патент ұйымымен, сондай-ақ дипломатиялық миссиялармен және өзге де ұйымдардың өкілдіктерімен табысты ынтымақтастық етеді. Солардың ішінде Еуропалық одақтың Ресейдегі өкілдігі, Францияның Ресей Федерациясындағы Елшілігі, Америка Құрама Штаттарының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, Сыртқы сауданы дамыту жөніндегі Жапония ұйымының өкілдігі (JETRO) және басқалары бар.

2014 жылдан бастап, Еуразиялық экономикалық комиссияға ДЗМҰ жанындағы тұрақты қадағалаушы мәртебесі берілді.

Қазіргі таңда, Еуразиялық патент ұйымымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайындық жүзеге асырылуда.

Халықаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында алған тәжірибесін Еуразиялық экономикалық комиссия зияткерлік меншік саласында халықаралық шарт жобаларымен жұмыс шеңберінде қолданады.

4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде «параллель импорт» заңдастырылатын бола ма?

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдаланудың өңірлік қағидаты бекітілген. Ол 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен айқындалған.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың еркін қозғалысы мүше мемлекеттердің аумағында құқықты сарқа пайдаланудың бірыңғай қағидаты әрекет етуі тиіс екендігін көздейді.

Тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидаттын өзгертудің орындылығы мен «параллель импортты» заңдастыру мүмкіндігі мәселесі жеткілікті түрде ұзақ талқыланып келеді.

2014 жылғы шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сарқа пайдалану қағидатын одан әрі қолдануға қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оған Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Тимур Мұратұлы Сүлейменов жетекшілік етеді.

Топ құрамына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен бизнес өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мамандарының ауқымды тобы кіреді.

Жағдайды дамытудың әрқилы нұсқаларын қараған Жұмыс тобының тұжырымдары негізінде 2016 жылғы 13 сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидатын қолданудан алып тастауды белгілеуге өкілеттік беретін нормалармен Одақ туралы шартты толықтыратын Хаттаманың жобасын дайындау туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңес өкім қабылдады.

Осындай құжат қабылданған жағдайда тауарлардың жекелеген түрлері үшін «параллель импортқа» рұқсат берілетін болады.

Қазіргі таңда, Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасын дайындауда.

5. Контрафактілік тауарларды әкелуді болдырмау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында тауар белгісін қалай қорғауға болады?

Контрафактілік тауарларды әкелуді болдырмау мақсатында тауар белгісін зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізілімдерінде тіркеген орынды болады.

Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға байланысты рәсімдерді оңайлату үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, зияткерлік меншік объектілерінің Бірыңғай кедендік тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы осы мәселені реттейтін халықаралық шарт жобасы оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өтуде.

6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара саудада кедендік бақылаудың болмауын ескере отырып, зияткерлік меншік құқығын бұзу көбінесе трансшекаралық сипатқа ие болып отыр. Осыған қарсы іс-қимыл жасау үшін не істеліп жатыр?

2015 жылғы 8 қыркүйекте Гроднода Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері зияткерлік меншік объектілерінде құқықтарды бұзудың алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының іс-қимылын үйлестіруге бағытталған Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша іс-қимылды үйлестіру туралы шартқа қол қойды.

Осы Шартты дамыту үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы және трансшекаралық сипатқа ие бұзушылықтардың жолын кесу үшін қажетті сұраныстарды орындау қағидаларын белгілейтін Регламентті әзірлеу жүргізіліп жатыр.

7. Еуразиялық экономикалық одақта авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды реттеуге қатысты тәсілдемелер қалайша бірегейлендіріледі?

Еуразиялық экономикалық комиссия ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтарды басқаруды бірегейлендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп Ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтарды басқару тәртібі туралы келісім жобасын дайындады.

Келісім жобасында жинақталған сыйақылардан тиісті ұйымдардың (ҚҰБҰ) ұстап қалуының шекті мөлшері мен құқықтық режимін белгілеу, ҚҰБҰ-ның есепті болуы және көпшілікке есеп беруі, сыйақыларды жинақтау, бөлу және құқықтық иеленушілеріне төлеу тетіктерінің міндетті аудиті бөлігінде ұжымдық басқаруға қатысты бірыңғай реттеу көзделеді.

Сонымен қатар Келісім жобасымен ұлттық заңнамада пайдаланушылардың немесе ҚҰБҰ-ның авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны және оларды құқық иеленушінің келісімінсіз және талаптар мен міндеттемелерді өзге де бұзушылықтармен пайдаланғаны үшін сыйақы төлемегені үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді.

8. Тауар белгісі Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісінен қалайша ажыратылады?

Тауар белгісіне ұлттық патенттік ведомствода мемлекеттік тіркеу негізінде жеке мемлекет аумағында құқықтық қорғау ұсынылады.

Мысалы, тауар белгісіне Ресей Федерациясы аумағында зияткерлік меншік жөніндегі Федералдық қызметте (Роспатент) мемлекеттік тіркеу жолымен құқықтық қорғау ұсынылуы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында (Арменияда, Белоруссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде) біруақытта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келген ұлттық патенттік ведомствосына бір өтінім беру жолымен құқықтық қорғау ұсынылады.

9. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі қандай құқықтарға ие?

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін пайдаланудың айрықша құқығына және осы айрықша құқыққа иелік ету құқығына ие, сондай-ақ осы тауар белгісін немесе біртектес тауарларға және (немесе) қызметтер көрсетуге қатысты олармен ұштасып кету дәрежесіне дейінгі ұқсастық белгіленімдерін басқа адамдардың пайдалануына тыйым салу құқығына ие.

10. Зияткерлік қызметтің қандай нәтижелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемилекеттердің зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес өнертабыс ретінде тіркелуі мүмкін?

Өнімге (құрылғыға, затқа), тәсілге (материалдық құралдардың көмегімен материалдық объектіге әсер етуді жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе белгілі бір мақсат бойынша жаңа өнімді қолдануға қатысты кез келген саладағы техникалық шешімдер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өнертабыс ретінде қорғалады.

11. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес патенттік құқық объектілеріне айрықша құқықтың қолданыс мерзімі қандай?

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес өнертабысқа айрықша құқықтың қолданыс мерзімі кемінде 20 жыл, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілер үшін – кемінде 5 жыл құрайды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өнертабысқа айрықша құқықтың қолданыс мерзімі 20 жыл құрайды.

Пайдалы модельдерге айрықша құқықтың қолданыс мерзімі Армения Республикасында және Ресей Федерациясында 10 жыл, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында – 5 жыл құрайды.

Өнеркәсіптік үлгілерге айрықша құқықтың қолданыс мерзімі Армения Республикасында және Беларусь Республикасында 15 жыл, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында – 10 жыл, Ресей Федерациясында – 5 жыл құрайды.

12. Еуразиялық экономикалық одақта Зияткерлік меншік стратегиясы бар ма? Егер болса, онда қандай ережелер қамтылады?

Қазіргі таңда, Еуразиялық экономикалық комиссия стратегиялық жоспарлау саласындағы ғылыми мамандарды тарта отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақта зияткерлік меншікті сақтау, қорғау және пайдалану стратегиясы жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Стратегия жобасында ғылыми, өнертапқыштық, инновациялық және шағармашылық қызметті жандандыру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақта зияткерлік меншіктің интеграциялық жүйесін қалыптастыруға бағытталған ережелер қамтылады.

Жақын арадағы уақытта аталған жоба мүдделі тұлғалардан тиісті ұсыныстар алу мақсатында жұртшылыққа ұсынылатын болады.

13. Еуразиялық экономикалық одақта Зияткерлік меншік стратегиясын орындау барысында қандай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр?

Стратегияны іске асыру нәтижелерінің негізгісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикасының инновациялық құрамдасының тиімді дамуын қамтамасыз ететін, зияткерлік меншіктің табысты дамып келе жатқан еуразиялық нарығын қалыптастыру, сондай-ақ олардың бәсекеге қабілеттілігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету болмақ деген болжам бар.

Стратегияны орындау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылын елеулі түрде кеңейтеді, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында зияткерлік меншік объектілерінің кедергісіз айналымы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.