Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы ЕЭК-тің бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу саласындағы функцияларын іске асырады. Блоктың қызметі Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге және ЕАЭО-ның бүкіл кеңістігінде мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру үшін тиімді құқықтық және институционалдық тетіктерді қалыптастыруға бағытталған. Блок ЕАЭО-ның бәсекелестік, мемлекеттік бағаны реттеу және мемлекеттік сатып алу саласындағы құқығын жетілдіреді, бәсекелестіктің жалпы ережелерінің сақталуын бақылайды, бәсекелестікті адвокаттандыруды жүзеге асырады, бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүргізеді.

Ермолович Максим Леонидович