Энергетика және инфрақұрылым

Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Кожошев Арзыбек Орозбекович

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Энергетика және инфрақұрылым»

08 Apr 2024 ЕАЭО энергия ресурстарының ортақ нарығы еуразиялық кеңістіктегі энергетика саласындағы негізгі сын қатерлерге қарсы тұра алатын қауқары бар. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика департаментінің директоры Вадим Закревский Қазан қаласында өткен Татарстан халықаралық энергетика және энергоресурстық тиімділік форумы аясындағы «Энергетикадағы экономикалық-құқықтық реттеу» атты дөңгелек үстелде мәлімдеді. ЕЭК энергетика департаментінің директоры Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің энергетикалық әлеуеті, энергетикадағы жаһандық сын-қатерлер туралы, сондай-ақ «бестік» елдерінің энергетика саласындағы өзара іс-қимыл қағидаттары және энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру кезінде елдердің алға қойған мақсаттары туралы хабардар етті. «Одақтың энергетикалық ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастырудың негізгі басымдықтары – бұл тұрақты жеткізілім және энергия ресурстарымен қамтамасыз ету, оларға ішкі қажеттіліктерді қолайлы бағамен қамтамасыз ету мүмкіндігі», – деді Вадим Закревский. Талқылауға қатысушылар 2023 жылы ЕАЭО елдерінің электр энергетикасы және мұнай-газ салаларының жұмыс істеуінің негізгі көрсеткіштерімен, сондай-ақ ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру барысымен танысты. Вадим Закревский бүгінде Одақтың жалпы электр энергетикалық нарығы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Ол сондай-ақ ашық және тең жағдайлы талаптармен анықталуы тиіс және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін бәсекелестік (тең) жағдайларды қамтамасыз ететін энергия ресурстары құнының шешуші мәнін белгіледі, – осыдан Одақтың ортақ газ нарығын іске қосудан үлкен үміт артатынын күтуге болады. Ортақ нарықтардың іске қосылуы алға қарай айтарлықтай қадам жасауға, екіжақты және көпжақты негізде неғұрлым икемді экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік береді, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге тең жағдайлы талаптармен еркін (тікелей) шарттар да, биржалық мәмілелер де жасаса отырып, өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Энергия ресурстарының ортақ нарығы отын-энергетикалық кешендердің әлеуетін тиімді пайдалануға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді деп есептейді Вадим Закревский.
04 Apr 2024 ЕЭК пен БҰҰ ЭСКАТО жеткізілімдердің жаңа жаһандық тізбектерін құру бойынша әріптестікті дамытады ЭСКАТО қамқоршылығымен Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі 11-ші Азия-Тынық мұхит форумы шеңберіндегі «Көлікті цифрлық трансформациялау: түйінді трендтер және синергетикалық нәтиже» панельдік сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссия логистиканың жаңа шындығында жеткізілімдердің орнықты тізбегін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талқылауды ұйымдастырды. Іс-шараны ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сохаил Хан ашты. Панельдік сессия пікірсайыс алаңы ретінде бизнес-қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың сарапшыларын әлемдік саудадағы көлік пен логистиканың қазіргі заманғы ерекшеліктерін талқылау үшін біріктірді. Пікірсайысқа қатысушылар Еуразия құрлығында "жіксіз" көлік кеңістігін қалыптастырудың негізгі трендтеріне қатысты пікір алмасты, сондай-ақ көлік саласындағы цифрландыру процестерін тежейтін түйінді факторларды айқындады. Сөз сөйлеу барысында электрондық көлік құжаттарын ендіру, көлік дәліздерін дамытудағы инновациялар мен цифрлық құралдардың рөлі, бірлескен цифрлық жобаларды қаржыландыру механизмдерін айқындау, сондай-ақ электрондық қолтаңбаны трансшекаралық тану перспективалары есебінен жеткізілімдердің орнықты тізбектерін қамтамасыз ету мәселелері ізеуіртті қаралды. "Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің цифрлық көлік жүйелерінің интеграциясы саласындағы әріптестігі егемендік пен ұлттық мүдделерді құрметтеу қағидаттарын ескере отырып, Үлкен Еуразия шеңберінде "жіксіз" көлік кеңістігін кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік береді",- деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Талқылау қорытындысы бойынша цифрлық және зияткерлік технологияларға бейім дамыған көлік, логистика және кеден инфрақұрылымы желісінің болуы бүгінде Үлкен Еуразия өңіріндегі экономикалық дәліздерді қолдау үшін базистік қажеттілік болып табылатыны атап өтілді. ТМД Атқарушы комитетінің, Еуразиядағы IRU Тұрақты өкілдігінің, Өзбекстан Көлік министрлігі жанындағы "Цифрлық көлік" орталығының, " БКЛК ЕРА" АҚ, "Газинформсервис" ЖШҚ, "Владивосток теңіз сауда порты" ЖарАҚ (FESCO) өкілдері спикер болды. Азия мен Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО) – Азия және Тынық мұхиты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге арналған, құрамындағы мүше мемлекеттер бойынша әмбебап БҰҰ-ның өңірлік комиссиясы. БҰҰ-ның бес өңірлік комиссиясының ішіндегі ең ірісі (ЭСКАТО өңірінде 3,8 миллиард адам тұрады – бұл планета халқының шамамен 60 пайызы). Орналасқан жері — Бангкок (Тайланд). ЭСКАТО форумының аясындағы side-event ретіндегі панельдік сессияны Өзбекстан Көлік министрлігінің және Ресей Экономикалық даму министрлігінің қолдауымен ЭСКАТО Хатшылығымен әріптестікте ЕЭК көлік блогы ұйымдастырды.  
02 Apr 2024 Арзыбек Кожошев: "Жүк тасқынының Шығысқа және Азияға жаһандық бұрылысы орын алуда" ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Мәскеу экономикалық форумында Еуразиялық көлік дәліздерін құру және оларды дамытудың жаңа перспективалары туралы айтты. Министр Еуразиялық экономикалық комиссияның көлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығын құру және, соның ішінде өткізу мен логистикалық тізбектердің жаңа нарықтарын қалыптастыруды ескере отырып бірыңғай көлік кеңістігін құру жөніндегі жұмысы туралы айтып берді. "Жүк тасқынының Шығысқа және Азияға жаһандық бұрылысы орын алуда. Сол себепті біздің елдеріміздің аумағы арқылы өтетін дәстүрлі халықаралық көлік дәліздері жаңа сипат алды", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Комиссияның күш-жігері Еуразиялық көлік дәліздерін дамытуға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік саласында басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған. "Бұл үшін сондай-ақ Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспары қабылданды, көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі бекітілді, жыл сайын Одақ үкіметтері басшыларының қарауына "Шығыс-Батыс" және "Солтүстік-Оңтүстік" бағыттарында, соның ішінде Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштастыру шеңберінде көлік инфрақұрылымын құру және дамыту туралы тиісті баяндама ұсынылады", — деп хабарлады министр. Комиссия мен мүше мемлекеттер бүгінде контейнерлік және мультимодальдық тасымалдарды дамытумен, цифрлық технологияларды ендірумен, интеллектуалды көлік жүйелері туралы құжаттарды әзірлеумен белсенді айналысуда. "Біз болып отырған қиындықтарға қарамастан, Одақтағы көлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығының құндылығы бірнеше мәрте артқанын түсінеміз. Бүгінде көлікті дамыту және елдеріміздің экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды", — деп түйіндеді ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев.
29 Mar 2024 ЕАЭО Энергетика министрлері ортақ энергия нарықтарын құрудың қағидатты мәселелерін талқылады Одаққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен ЕАЭО-ның ортақ энергия нарықтарын құрудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары мен бағыттарын қарады. Жоғары деңгейлі кеңес 29 наурызда ЕЭК алаңында өтті. Тараптар Одақтың газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шарттарды дайындаудың жекелеген аспектілері мен барысын талқылады. "Біз таяу уақытта Одақ органдары деңгейінде келісілмеген мәселелерді нысаналы талқылауды жалғастыруға ниеттіміз", – деп хабардар етті ЕЭК министрі. Энергетика министрлері сондай-ақ ортақ энергия нарықтарының жұмыс істеуінің тұйықты мәселелері бойынша өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізуді мақсат тұтатындарын растады. Кеңес барысында тараптар сондай-ақ мүше мемлекеттердің және тұтастай ЕАЭО-ның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде қабылданып жатқан шаралардың жеткілікті екендігін айқындап айтты, энергетикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға ниет білдірді. "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірқатар позиция бойынша бірлік көрсетіп отыр. Энергия ресурстарының ортақ нарықтарын құру және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ЕАЭО елдерінің ортақ әрі маңызды міндеті болып табылады", – деп атап өтті Арзыбек Кожошев.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Энергетика және инфрақұрылым»

37
09.04.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 37 О внесении изменений в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза и Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза в отношении элементов мембранных рулонного типа для фильтрования или очистки жидкостей
36
09.04.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 36 Об утверждении Правил реализации общего процесса «Обеспечение информационного взаимодействия между уполномоченными операторами (органами) государств – членов Евразийского экономического союза при отслеживании перевозок с применением навигационных пломб по территориям двух и более государств – членов Евразийского экономического союза»
8
09.04.2024 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 8 О внесении изменения в том VI Пояснений к единой Товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза
50
09.04.2024 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 50 О проекте решения Совета Евразийской экономической комиссии «Об особенностях перемещения через таможенную границу Евразийского экономического союза товаров, предназначенных для использования в официальных международных спортивных мероприятиях, условиях их помещения под специальную таможенную процедуру и порядке ее применения»
49
09.04.2024 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 49 О проекте Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части определения порядка взимания косвенных налогов при осуществлении электронной торговли товарами, реализуемыми физическим лицам

Бағыт бойынша материалдар

18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0