Кожошев Арзыбек Орозбекович
1968 жылы 25 маусымда Қырғыз Республикасының Ош қаласында туған.
1994 жылы Ош мемлекеттік университетін "экономикалық география" мамандығы бойынша бітірген.
1999 жылы Қырғыз Республикасы ҰҒА Экономикалық зерттеулер институтының аспирантурасын аяқтаған.
2000 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірді.
"Экономика және халық шаруашылығын басқару" мамандығы бойынша 2011 жылы кандидаттық диссертация, 2017 жылы докторлық диссертация қорғады.
2017-2018 жылдары – М.Рыскулбеков атындағы ҚЭУ профессоры болды.
1996-2007 жылдары Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігінде түрлі лауазымда істеді, соның ішінде Қырғыз Республикасы Қаржы министрінің орынбасары қызметінде болды.
2007-2015 жылдары – Қырғыз Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.
2015 жылы Қырғыз Республикасының VI шақырылған Жогорку Кенешіне депутат болып сайланды.
2015-2017 жылдары Қырғыз Республикасының Экономика министрі болды. Ресей-Қырғыз Даму қоры кеңесі төрағасының орынбасары.
2017-2019 жылдары – Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі.
2019-2021 жылдары – Қаржы нарығын реттеу және қадағалау мемлекеттік қызметінің төрағасы.
2021 жылғы қазан айынан бастап – Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2022 жылғы 20 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі болып тағайындалды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі болып қайта тағайындалды.