Интеграция және макроэкономика

Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Алишеров Эльдар Туралиевич

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Интеграция және макроэкономика»

ЕЭК ЕАЭО елдерінде іскерлік белсенділік динамикасының өзгергенін атап өтеді 30 майдың 2025 ЕЭК ЕАЭО елдерінде іскерлік белсенділік динамикасының өзгергенін атап өтеді Экономикалық дамудың сәйкес келетін және озыңқы индикаторларын есептеу нәтижелері Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі іскерлік белсенділік динамикасының өзгергенін айғақтап отыр Еуразиялық экономикалық комиссияның бағалауы бойынша, 2025 жылғы маусымда интеграциялық бірлестіктің көптеген мемлекетінің экономикасында баяулау күтілуде, бұл ретте Қазақстан экономикасы іскерлік белсенділіктің өрлеу кезеңіне өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей экономикасы баяулау кезеңінде қалып отыр, Арменияда, Беларусьта және Қырғызстанда іскерлік белсенділіктің өсуі байқалады. Озыңқы индикаторлар қысқа мерзімді перспективада Еуразиялық "бестік" елдеріндегі іскер белсенділіктің өзгеру динамикасының бағыты туралы түсінік қалыптастыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия қолданатын болжау құралы болып табылады. Олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын және экономикадағы негізгі трендтерді айғақтайтын қысқа мерзімді процестер туралы неғұрлым маңызды ақпаратты жинақтайды.
29 майдың 2025 ЕЭК ЕАЭО-ның статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жөніндегі алғашқы есепті дайындады Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы Интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асырудың жылдық қорытындылары қаралды. Отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ның 2024 жылғы ресми статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жүйесі бойынша есепті талқылады. Консультативтік комитеттің мүшелері бұл жұмыстың өзектілігін атап өтіп, оны жыл сайын жүргізу керек деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, статистикаға цифрлық технологияларды енгізу жарияланымдарды дайындау мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Есеп ЕЭК-тің Статистика департаменті мен мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп әзірлеген Одақтың статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес дайындалды. Статистика жөніндегі Консультативтік комитеттің келесі отырысы 2025 жылдың қазан айына жоспарланған. Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы туралы толық ақпарат статистика департаментінің «Статистика жөніндегі консультативтік комитет» бөліміндегі бетте берілген.
27 майдың 2025 ЕЭК пен Таиланд өзара іс-қимылды жандандыруда Еуразиялық экономикалық комиссия мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын ЕЭК интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян және Таиланд СІМ Еуропалық департаменті директорының орынбасары Сомруди Пупорнанаке талқылады. Микаел Беллуян Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Таиланд Корольдігі арасындағы, оның ішінде Ынтымақтастық туралы меморандум аясында сауданы кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жандандыруды ұсынып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ол 2025 жылдың маусым айында Таиландтың ресми топтары мен іскерлік қоғамдастығының өкілдері үшін Еуразиялық экономикалық күн тәртібі бойынша салалық семинар өткізу жоспарланғанын айтты. Тараптар ЕЭК пен Таиланд Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының 3-отырысын өткізу мүмкіндігін талқылады, оның барысында ынтымақтастықтың практикалық мәселелері, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар жоспарын жасау қаралатын болады. Сомруди Пупорнанаке айтылған ұсыныстарды қолдап, меморандум аясында Таиландтың ЕЭК-пен диалогты дамытуға деген көзқарасын және ЕАЭО елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға деген қызығушылығын, оның ішінде ЕАЭО, оның мүше мемлекеттері мен Таиланд Корольдігі арасында ЕСА құру мүмкіндігін зерделеу қажеттігін атап өтті. ЕЭК пен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға 2018 жылғы 19 қарашада қол қойылды. Құжатқа сәйкес тараптар өңірлік экономикалық интеграция; сауда саясаты; Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі және Таиланд Корольдігіндегі экономикалық даму мен макроэкономикалық ахуалды талдау; кедендік реттеу; техникалық реттеу; санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар; қаржы; көлік; энергетикалық саясат; агроөнеркәсіптік кешен; бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу; өнеркәсіп; зияткерлік меншік; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық экономика; қызметтер саудасы және инвестициялар; кәсіпкерлікті дамыту; мемлекеттік сатып алу; өзара экономикалық мүддені білдіретін өзге де бағыттар сияқты бағдарлар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті.
15 майдың 2025 Эльдар Алишеров Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаттарымен кездесті Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеровтің Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші депутаттарымен кездесуінде Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестерімен экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту талқыланды. Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыруға және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына баса назар аударылды. Кездесуге сондай-ақ ЕЭК Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Алексей Ведев қатысты, ол 2024 жылы Қырғызстан әлемдік орташа деңгейден (3,2%) бірнеше есе асып түсетін экономикалық өсудің жоғары қарқыны — 9%-ға қол жеткізгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл ұлттық деңгейде қабылданған шаралар мен макроэкономикалық басқару сапасының, сондай-ақ экономикалық дамудың орнықтылығы мен теңгерімділігін арттырудың нәтижесі болып табылады. ЕЭК-тің бағалауы бойынша, экономикалық өсу жоғары инвестициялық белсенділікке және көлеңкелі экономика деңгейінің төмендеуіне негізделген. Баға тұрақтылығы қамтамасыз етілді: тұтыну бағасының өсуі 6,3% құрады, бұл инфляция бойынша орташа мерзімді нысаналы бағдарға сәйкес келеді. Бюджеттік және борыштық орнықтылық өсті: бюджет профицитпен орындалды, ал мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатысты деңгейі айтарлықтай төмендеді. Қабылданып жатқан шаралар оң макроэкономикалық динамиканы сақтауға мүмкіндік береді — мұны 2025 жылғы I тоқсандағы Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының Комиссия өткізген мониторингінің қорытындылары растайды.
Тағы да көрсету

нормативтік құжаттар

Бағыт бойынша материалдар

18 қарашаның 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0