Владимир Алексеевич Синкевич 1965 жылы Витебск облысының Сенно қаласында (Беларусь Республикасы) туған.
1988 жылы Минск мемлекеттік медицина институтының санитариялық-гигиеналық факультетін, 2011 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын "әлеуметтік саланы мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Витебск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында (кейіннен – Витебск аймақтық гигиена және эпидемиология орталығы) эпидемиолог-дәрігер қызметінен бастады. Бұдан кейін осы мекемеде әртүрлі лауазымда, соның ішінде 2005-2010 жылдары – Витебск бас мемлекеттік санитариялық дәрігері – "Витебск аймақтық гигиена және эпидемиология орталығы" ММ бас дәрігері болып жұмыс істеді.
2010-2024 жылдары Витебск облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері — "Витебск облыстық гигиена, эпидемиология және қоғамдық денсаулық орталығы" ММ бас дәрігері болды.
2024 жылғы 28 қазаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры болып тағайындалды.