Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы
1971 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Алматы қаласында туған.
1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін "инженер-электрик" біліктілігін ала отырып, «робот техникасының кешендері мен жүйелері" мамандығы бойынша, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" біліктілігін ала отырып, «бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы нарығының бағалы қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады.
1995 жылдан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің бөлім бастығы, 1996 жылдан басқарма бастығының орынбасары, 1997 жылы департамент директорының орынбасары болды, 1998 жылы Мемлекеттік сатыпалым департаментінің директоры, 1999 жылы Қазынашылық департаменті директорының орынбасары, 2001 жылы Бюджет департаменті директорының орынбасары, 2002 жылы Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры болып тағайындалды.
2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры.
2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2006 жылғы ақпаннан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.
2007 жылғы қаңтардан бастап 2007 жылғы 10 тамызға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2007 жылғы 10 тамыздан бастап – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2010 жылғы 13 наурызда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылғы 21 қаңтардан бастап 2013 жылғы 6 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
2013 жылғы 6 қарашадан бастап 2018 жылғы 11 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
2018 жылғы 11 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 13 маусымға дейін Астана қаласының әкімі болды.
2019 жылғы 17 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтар-15 тамыз аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 6 қазандағы шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі болып тағайындалды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі болып тағайындалды.