Жаңалықтар

10.09.2024

Андрей Слепнев пен Ненад Попович ЕАЭО мен Сербия арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді имплементациялау жөніндегі бірлескен комитеттің бірінші отырысын өткізуді талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Сербия Республикасы Үкіметінің министрі, Еуразиялық экономикалық одақпен қатынастардың дамуы үшін жауапты Ненад Поповичпен кездесуі болып өтті, оның барысында тараптар ЕАЭО мен Сербия арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді іске асыру жоспарларын талқылады.

Ненад Попович Андрей Слепневке Сербия тарапынан өзінің бірлескен комитеттің – Келісімді имплементациялау жөніндегі жұмыс органының тең төрағасы болып тағайындалғаны туралы хабардар етті. Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер тарапынан аталған комитетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі басқарады. Әңгімелесушілер комитеттің бірінші отырысын ағымдағы жылдың аяғы мен келесі жылдың басында өткізу мүмкіндігін қарастырды.