тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6847

17 қыркүйектің 2025 Бақытжан Сағынтаев Кубаның Ресейдегі Елшісі Хулио Антонио Гармендия Пеньямен жұмыс кездесуін өткізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы Куба Республикасының тұрақты өкілі – Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хулио Антонио Гармендия Пеньяның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты онымен жұмыс кездесуін өткізді. Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО елдерінің Кубамен сындарлы диалогы және ынтымақтастығына елеулі жәрдем көрсеткені үшін Хулио Антонио Гармендия Пеньяға алғыс айтып, оған Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісін табыс етті. Тараптар ЕЭК пен Куба Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберіндегі көптеген мәселені талқылады. Бірлескен іс-шаралар жоспары сауданы, банк қызметін, қаржыны, биотехнологияны, ауыл шаруашылығын, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қоса, ынтымақтастықтың 34 бағытын қамтиды. "Біз ЕАЭО мемлекеттері мен Кубаның тауар айналымындағы ілгерілеушілікті көріп отырмыз. 2024 жылы ол 2015 жылмен салыстырғанда 13,9% өсіп, шамамен 241 млн долларды құрады", — деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев. Одақ мемлекеттері Кубаға, атап айтқанда, мұнай мен мұнай өнімдерін, бидайды, автомобильдер мен автомобильдің қосалқы бөлшектерін, түрлі аспаптарды экспорттайды. Өз кезегінде ЕАЭО-да Кубаның кофесі, темекі өнімдері сұранысқа ие. ЕАЭО елдерінің азаматтарын Куба туризм тұрғысынан да қызықтырады. 2024 жылы Еуразиялық "бестік" мемлекеттерінен 185 мыңнан астам турист аралға саяхаттап келді, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық диалогты жалғастыруға және арттыра түсуге деген өзара мүдделілікті атап көрсетті. 
17 қыркүйектің 2025 ЕЭК пен Филиппин ынтымақтастық жоспарларын талқылады ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев пен Филиппин Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Аллан Гепти Еуразиялық экономикалық комиссия мен Филиппин Республикасының өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын қарады. "Филиппин Республикасы — Оңтүстік Шығыс Азияның жетекші экономикасының бірі. Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өңір елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға белсенді жәрдемдеседі және Филиппинмен диалогты, соның ішінде АСЕАН-ның басты алаңдарында тереңдетуге дайын", — деп түсіндірді ЕЭК министрі.  Данияр Иманалиев Филиппиндік әріптестерін Комиссияның үшінші елдермен халықаралық ынтымақтастық форматтары, сондай-ақ АСЕАН-мен өзара іс-қимылдың түйінді мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етті. ЕЭК министрі Филиппиннің ресми, сарапшы және іскер топтарының өкілдерін ЕЭК пен АСЕАН арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған жаңа Ынтымақтастық бағдарламасының негізгі іс-шараларына қатысуға шақырды. Аллан Гепти Филиппиннің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологияларын қоса, ауыл шаруашылығындағы тәжірибе ауысуға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі, фармацевтика, энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық даму мәселелеріне деген қызығушылығын баса көрсетті. Осы салалардағы бастамаларды практикалық іске асыру үшін ЕАЭО елдері мен Филиппиннің бизнес өкілдері арасындағы байланысуды жандандыру қажеттігі атап өтілді. Тараптар перспективада ЕЭК пен Филиппин Үкіметі арасында өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасу, сондай-ақ 2026 жылы Филиппиннің АСЕАН-дағы төрағалық етуі кезеңінде бизнес-бірлестіктерді қоса отырып, бірлескен конгрестік-көрмелік іс-шара өткізу мүмкіндігін қарауға уағдаласты. 
17 қыркүйектің 2025 Арзыбек Кожошев: "Әуе көлігі қызметін көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру — ЕАЭО елдерінің экономикалық өсуінің маңызды факторы" Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев бұл туралы 17 қыркүйекте Мәскеуде өтіп жатқан Network-2025 форумы алаңындағы "ЕАЭО орнықты авиациялық көлігі 2026-2035" халықаралық конференциясында мәлімдеді. "ЕЭК бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруға, инфрақұрылымдық және әкімшілік тосқауылдарды жоюға, сондай-ақ логистиканың цифрлық трансформациясына аса мән береді. Комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп Еуразиялық кеңістікте әуе көлігі қызметін көрсетудің ортақ нарығын құру бойынша жұмыс істеуде", — деп атап өтті Арзыбек Қожошев. Министр авиация саласын ұзақ мерзімді дамыту кешенді тұрғыда келуді және ЕАЭО елдерінің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын үндестіруді қоса, бірқатар өңірлік шараны ендіруді талап ететінін де айқындап айтты. Іс-шара азаматтық авиацияны және оның мультимодальды құрамдас бөлігін тоғыстыра отырып, орнықты көліктің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарының, бизнес өкілдері мен сарапшылардың өзара іс-қимылының алаңына айналды. Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының 2026 жылғы 1 қаңтардан басталатын 10 жылдық кезеңге арналған орнықты көлік жөніндегі бастамасына орайластырылған. 
16 қыркүйектің 2025 Андрей Слепнев Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоялмен келіссөз жүргізді Нью-Делиде (Үндістан) болып өткен кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Үндістан Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоял Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан арасында жедел форматта еркін сауда туралы тиімді келіссөздер жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған жол картасы келісілгенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ келіссөздердің осы жылдың қараша айының басында Үндістанда өтетін бірінші раундына және болашақ мәміленің түйінді мәселелерін қарастыруға арналған тәсілдемені келісті. Бұл ретте одан бұрын Комиссияның үнділік әріптестермен және ЕАЭО мемлекеттерімен белсенді консультациялары өтетін болады. Министрлер келіссөздерге жан-жақты қолдау көрсету үшін тұрақты байланысу туралы уағдаласты.
16 қыркүйектің 2025 Дәрілерді тіркеу және сараптау қағидалары өзгертілді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістерді қабылдады. Өзгерістер ЕЭК Кеңесінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 34 шешімімен оңтайландырылған тіркеу дерекнамасын ЕАЭО талаптарына сәйкестендіру рәсімінің ережелерін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұрын мәлімделмеген тану мемлекеттерін қосу бөлігінде өзгерістер енгізу рәсіміне өтініш берген өндірушілер үшін қолдануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, осы елдерде ұлттық тіркеу куәліктерінің қолданысын рәсімдерді жүргізу мерзіміне, бірақ 2027 жылғы 31 желтоқсаннан асырмай ұзартумен қамтамасыз етіледі. "Бұл өзгерістер ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіру рәсімін жүргізу мерзімдерін Одақтың ортақ дәрі нарығына орайлас өтпелі кезең шеңберінде оңтайландыруға арналған", — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий. 
16 қыркүйектің 2025 Людмила Мудрова ЕЭК-тің Қаржы департаментінің директоры болып тағайындалды Людмила Ивановна Мудрова 1980 жылы 21 қыркүйекте Могилев облысының (Беларусь Республикасы) Хотимск қала типтес кентінде туған. 2002 жылы Могилев мемлекеттік техникалық университетін, 2021 жылы Белорус мемлекеттік экономика университетінің аспирантурасын бітірген. 2003 жылғы наурыздан бастап 2007 жылғы наурызға дейінгі аралықта Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің Хотимск ауданы бойынша инспекциясының мемлекеттік салық инспекторынан инспекция бастығының орынбасарына дейінгі лауазымда болды. 2007 жылғы наурыздан тамызға дейін — Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің Могилев облысы бойынша инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы. 2007 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы қазанға дейін Беларусь Республикасы Салықтар мен алымдар министрлігінің бас мемлекеттік салық инспекторы болды. 2009 жылғы қазаннан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің бас маманынан басқарма бастығына дейінгі лауазымды атқарды. 2023 жылғы ақпаннан бастап 2025 жылғы қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары болды. 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
Тағы да көрсету