Климаттық жобаларды бағалаудың бірлескен критерийлерін әзірлеу өзара тиімді ынтымақтастық үшін нақты салалар мен бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ осындай жобалардың — көміртек бірліктерінің нәтижелерінің еркін айналысына жағдай жасайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев мұндай пікірді Шығыс экономикалық форумы-2023 шеңберіндегі "ШЫҰ мен ЕАЭО-ның климаттық күн тәртібі: ортақ мақсаттарға қарай қозғалыс" сессиясында сөйлеген сөзінде білдірді.
"Біз ЕАЭО-да Еуразиялық таксономия жасадық, ол жобаларды орнықты қаржыландыру тұрғысынан бірдей бағалауға, тиісті алаңдар мен биржаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір біз ҚХР-мен мәселені белсенді талқылап жатырмыз. ЕАЭО — Қытай бірлескен таксономиясын жасау керек деп ойлаймын", — деп мәлімдеді ол.
Егер көміртек бірліктерінің өзінің еркін айналысы туралы айтатын болсақ, онда бұл орайда климаттық жобалардың критерийлерін сипаттайтын үшінші елдердің ұқсас стандарттарымен ұштасуы мүмкін өзіндік жобалау әдістемелерін әзірлеу маңызды болады. Осыған байланысты, мысалы, ШЫҰ форматына дейін кеңейте отырып, ТМД шеңберінде мемлекетаралық деңгейде қолдануға болатын осындай стандарттар жасау мәселесі қойылады.
"ШЫҰ режимінде жұмыс істей отырып, біз өзіміздің реттеуіміз шын мәнінде халықаралық болған кезде, ол Еуропалық реттеумен де ұштасатын және біздің мүдделерімізді қорғауға мүмкіндік беретін басқарылатын платформаға айналуы да мүмкін осындай сыни массаға жақындап келеміз", — деп сенім білдірді Андрей Слепнев.
Бұдан басқа, ЕЭК министрі компаниялардың өздері климаттық күн тәртібін іске асыру шеңберінде алға жылжуға дайын түрлі салалық бағыттарды қолдау мәселесін қозғады. Атап айтқанда, көлікте теміржол тасымалын "жасыл"деп сертификаттауға мүмкіндік беретін осындай реттеуді алу маңызды болар еді.
"Айталық, Қытайдан Еуропаға немесе "Солтүстік — Оңтүстік" дәлізі бойынша тасымалдау кезінде көміртек ізі түсінікті болуы үшін. Себебі, бұл көміртек ізі жақын арада кез келген өнімнің сыртқы нарықтарға қол жеткізуі мақсатында есепке алына бастайды. Кім бірінші болып осындай халықаралық деңгейде сенетін, дұрыстығы тексерілетін жүйені жасаса, сол бәсекелестікте алда болады", — деп түсіндірді Андрей Слепнев. Сөз халықаралық кооперация және нәтижелерді өзара тану, сенімді инфрақұрылымды қалыптастыру туралы болып отыр.
Министр көміртек күн тәртібінің сауда қырларына да тоқталды, мұнда көміртек бағасы басты рөл атқарады, ол әртүрлі елдерде елеулі түрде ерекшеленеді. Оның пікірінше, сауда тосқауылдарына тап болмау үшін көміртектің осы бағасын қалай қалыптастыруға болатыны және мұның қорытындыда қандай болатыны туралы жауап беру қажет болады.
"Ресей-Моңғолия" бизнес-диалогы барысында сөйлеген сөзінде Андрей Слепнев Моңғолия ЕАЭО-ның сыртқы тректегі жұмысының басым бағыттарының қатарына кіретінін еске салды. Сонымен бірге, Одақ бойынша әріптестерді, өзара тауар айналымының шамамен 3 млрд долл. дейін өсуіне қарамастан, сауданың айтарлықтай теңгерімсіздігі байқалып отырғаны алаңдатпай қоймайды. "Бұл ретте моңғол тауарларының біздің нарықта аз ұсынылғанына сүйенеміз. Бұл жағдаятты түзету қажет", — деп атап көрсетті министр.
Атап айтқанда, Моңғолиядан ет жеткізу проблемалары туралы айта келіп, Андрей Слепнев бұл жерде тарихи жағынан ветеринарияның проблемалары жаңа болып табылмайтынын, бірақ кеңестік кезеңде олар ойдағыдай шешілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта сарапшылық бағалауға сәйкес ЕАЭО Моңғолиядан ет сатып алу көлемін ең қысқа мерзімде 50 мың тоннаға дейін ұлғайтуға қабілетті. Оның үстіне, сөз Одақта ішкі нарықтағы теңгерімі бойынша тапшылығы байқалатын ірі қара еті, жылқы еті, қой еті сияқты сыйлықақылы позициялар туралы болып отыр. "Өнімді қайта өңдеуді қамтамасыз етуге және эпизоотиялық жағдаятты бақылауға мүмкіндік беретін бірлескен кәсіпорындар құру да перспективалы болып көрінеді", – деп мәлімдеді Андрей Слепнев.
Осыған ұқсас шешімдер жеңіл өнеркәсіп тауарларын жеткізу жағдаятында болуы мүмкін. Осыған байланысты ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Моңғолиямен еркін сауда туралы келісім жасасу перспективасын зерттеуге сай, бірқатар тарифті жай ғана нөлге түсірудің әсері ЕАЭО-дағы моңғол тауарларының тауар ағынының 50-70 млн долл. жуық ұлғаюын қамтамасыз ететінін айтты.
"Ал егер біз шынында да бірлескен жобалар негізінде, бірлескен жол картасы базасында толық мәнді ынтымақтастық орнататын болсақ, онда мүлде басқа реттегі әсер туындайды. Біздің есептеуімізше, таяудағы екі-үш жылда бұл — 230-250 млн долл. Бірақ бұл үшін жеңіл өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да, "Қытай-Моңғолия-Ресей"дәлізі бойынша транзитте де атаулы жұмыс қажет. ЕЭК өз тарапынан мұндай жұмысқа дайын", — деп қорытындылады Андрей Слепнев.
Бұдан басқа, Андрей Слепневтің Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры Тадзио Шиллингпен кездесуі болып өтті. Іс-шара барысында министр ЕАЭО-да жұмыс істейтін компаниялардан келіп түскен және, атап айтқанда, ЕЭК-тің кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу саласындағы жоспарларына қатысты сұрақтарға жауап берді. ЕЭК Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі Фотосурет — "Росконгресс"