Жаңалықтар

21.09.2023

Андрей Слепнев Астанада Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғаринмен және Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен кездесу өткізді және бизнестің сұрақтарына жауап берді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Астанаға жұмыс сапары болып өтті, оның түйінді оқиғасы Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен, сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғаринмен және Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен кездесу болды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен іс-шара шеңберінде Андрей Слепнев тарифтік және тарифтік емес реттеуге, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға, сондай-ақ Одақтағы ішкі саудаға қатысты сұрақтарға жауап берді. «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталовпен жұмыс кездесуі болып өтті.

Қазақстан Республикасының билік органдарының басшыларымен консультациялар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті күн тәртібіне арналды.

"ЕАЭО елдерінің басшылығымен бетпе-бет кездесу және бизнеспен жанды қарым-қатынас жасау біздің ортақ интеграциялық күн тәртібімізді ілгерілетуге ықпал етеді, кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүддесін тиісті дәрежеде ескеріп отыруды қамтамасыз етеді", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі сапар қорытындысы бойынша.