Жаңалықтар

29.11.2022

ҚХР-дан әкелінетін полимерлі жабындысы бар металл прокатына арналған демпингке қарсы баж қайталап тергеп-тексеру уақытына ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ҚХР-дан әкелінетін полимерлі жабындысы бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы бажды қоса алғанда 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін ұзартты.

Қолданылатын шара мерзімі 2023 жылғы 22 қаңтарда аяқталуға тиіс болатын. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментіның атына демпингке қарсы тергеп-тексеруді қайталап өткізу туралы арыз түсті.

Арызда көрсетілген мәліметтер ҚХР-дан әкелінетін полимерлі жабындысы бар металл прокатының демпинг импортын жалғастыру мүмкіндігі және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері экономикасының саласына нұқсан келуі туралы алдын ала тұжырым жасауға мүмкіндік берді. ЕЭК сауда блогында атап өтілгендей, арызды қарау нәтижелері бойынша осы жылғы 16 қыркүйекте демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру басталды.

ЕАЭО нормативтік базасында қолданыстағы демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайталап тергеп-тексеру өткізу кезеңіне ұзарту көзделген, ол басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.

Анықтама

ҚХР-дан ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін полимерлі жабындысы бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы баж Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы №49 шешімімен белгіленді. Шараның қолданылу мерзімі ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 23 қаңтардағы №14 шешімімен ұзартылды. Демпингке қарсы баж ставкаларының мөлшері өндіруші кәсіпорынға байланысты бүгінгі сәтте кедендік құнның 6,98 пайызынан 20,20%-ына дейін құрайды.