Жаңалықтар

28.07.2022

Арзыбек Кожошев пен Виктор Каранкевич ЕАЭО-ның ортақ энергия нарықтарының жұмыс істеу қағидаларын дайындауды аяқтау қажеттігін атап өтті

Белорус атом электр станциясына жұмыс сапары шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев 27 шілдеде Беларусь Республикасының Энергетика министрі Виктор Каранкевичпен
Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ энергия нарықтарының жұмыс істеу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
«Энергия нарықтарын қалыптастырудың түйінді мәселелері бойынша өзара қабылданымды шешімдер тұжырымдаған маңызды. Бұл қабылданатын құжаттардың практикалық іске асырылуын және ортақ нарықтарды іске қосуға дайындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді ЕЭК министрі.

Арзыбек Кожошев тараптардың келіспеген мәселелерінің болуы құжаттарды қабылдауды тежейтінін және ортақ энергия нарықтарын белгіленген мерзімдерде іске қосуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Тараптар келісілмеген мәселелерді реттеудің ықтимал жолдары туралы пікір алмасты. 

«Электр энергиясы мен газдың ортақ нарықтарының жұмыс істеуінің  негіз қалаушы нормалары мен қағидаларын дайындауды тезірек аяқтау үшін басты назарды уәкілетті органдардың позицияларын  жақындатуға және бәтуаға қол жеткізуге шоғырландыру қажет деп санаймын», — деп атап көрсетті ол.

ЕЭК министрі сондай-ақ келісілмеген мәселелер бойынша шешімдерді іздеу мүше мемлекеттердің арасында неғұрлым жоғары деңгейде жалғастырылады деп сөзін толықтырды. 

Кездесу қорытындысы бойынша Арзыбек Кожошев Виктор Каранкевичті биылғы тамыздағы Одақ елдері уәкілетті органдары басшыларының кеңесіне қатысуға шақырды, жоспарланған келіссөздер сындарлы арнада өтеді және қатысушылардың барлығы үшін қабылданымды шешімге шығуға мүмкіндік береді деп үміт білдірді. 

Еске сала өтсек, ЕАЭО энергетикалық нарықтары 2025 жылдан бастап жұмыс істеуге тиіс. Ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа үстіміздегі жылы қол қойылуы мүмкін.