Жаңалықтар

20.02.2023

Арзыбек Кожошев Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары — статс-хатшы Дмитрий Зверевпен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

17 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары — статс-хатшы Дмитрий Зверевтің кездесуі өтті.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын орындаудың әртүрлі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Еуразиялық көлік дәліздерін дамыту және Одақ елдерінің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын үндестіру мәселелері қаралды.

Арзыбек Кожошев 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын орындау мен іске асыру мәселелерінде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесінің рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.

Дмитрий Зверев, өз тарапынан, 2023 жылы Басшылар кеңесінде Ресейдің төрағалық ететінін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың арналған негізгі бағыттары мен кезеңдерін ілгерілетуге жәрдем көрсетуге дайындық туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан арғы ынтымақтастыққа және жүйелі диалогқа дайындықты білдірді.