Жаңалықтар

20.11.2024

Арзыбек Кожошев: "ЕАЭО және ТМД елдерінің артықшылығы инфрақұрылымдық сыйысымдылық болып табылады"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Үйлестіруші көлік кеңесінің 44-ші отырысына қатысты. Іс-шара Мәскеудегі "Ресей көлігі" халықаралық форумы мен көрмесі шеңберінде өтті.

Арзыбек Кожошев аталған алаң дәстүрлі түрде көлік мәселелерінде түйінді мәселенің бірі болып табылатынын және ортақ көлік кеңістігін қалыптастыруда әрі ТМД елдерінің көлік кешендерінің тиімді жұмыс істеуінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. ЕЭК министрі ТМД-мен көлік саласындағы ынтымақтастықты Комиссияның жоғары бағалайтынын атап көрсетті.

Сонымен бірге, ол ЕАЭО-ның бірінші кезектегі міндеті – өз игілігі өзіне жететін сервистік инфрақұрылым мен жылдамдық, сақталу, құн және тұрақтылық сияқты негізгі құрамдас бөліктері бар орнықты көлік қатынасы технологиялары негізінде көлік коммуникацияларын бірлесіп құру болып табылады деп санайды.

"ЕАЭО және ТМД елдерінің артықшылығы инфрақұрылымдық сыйысымдылық, ынтымақтастықтың тәжірибесі мен дәстүрі болып табылады, бұлар жаңа көлік дәліздерін қалыптастыруға және көлік қызметтерін көрсететін ірі нарықтарға шығуға ықпал ете алады", – деп атап өтті ЕЭК министрі.

Іс-шараға ТМД мемлекеттерінің көлік ведомстволарының басшылары қатысып, халықаралық көлік дәліздерін жемісті дамытуға, инфрақұрылымға және Достастық елдерінің барлық көлік түрімен тасымалдауды жаңғыртуға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды қарап, талқылады.