Жаңалықтар

21.11.2024

Арзыбек Кожошев KAZLOGISTICS басшысымен кездесу өткізді

20 қарашада ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев KAZLOGISTICS Қазақстан көлік қызметкерлері одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетовпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Рустан Женалинов қатысты.

Автомобиль, теміржол, су және әуе көлігін дамыту, олардың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, мультимодальды тасымалдау мәселелері талқыланды.

"ЕАЭО елдерінің ұлттық ерекшеліктерін біріктіру және теміржол көлігі жұмысының таңдаулы практикаларын ендіру синергетикалық нәтижеге қол жеткізуге және көлік саласының қосымша резервтерін ашуға көмектеседі", – деп атап өтті Арзыбек Кожошев.

Кездесуге қатысушылар уақыттың басты сыни шақырыстарының бірі – Еуразиялық кеңістікте сенімді және үздіксіз жұмыс істейтін көлік-логистика кешенін, ең дұрысы, тосқауылсыз және технологиялық шектеусіз құру болып табылатынын атап өтті.

Арзыбек Кожошев 1 қазанда Ереванда ЕҮАК отырысында бекітілген ЕАЭО елдерінің көлік саясаты саласындағы 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын практикалық іске асыру үшін Комиссияның әлеуетін көлік ведомстволарымен, қауымдастықтармен, ғылыми ұйымдармен және бизнес-қоғамдастықпен біріктіру қажеттігіне назар аударды.

"Бұл құжат ЕАЭО көлік кешенін кешенді дамытудың көрсетілген кезеңге арналған негізгі бағдарламасы болып табылады, оның жұмыс істеуінің теңгерімділігі мен орнықтылығы көп жағдайда іске асырылуына байланысты болады", – деп Арзыбек Кожошев айқындап көрсетті.

ЕЭК министрі Комиссия алаңында елдік бастамаларды тереңірек пысықтау және тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін ЕАЭО елдерінің теміржол әкімшіліктерінің басшыларынан диалог алаңын құру қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ЕАЭО тұрақты және тиімді жұмыс істейтін көлік жүйесін құруға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.