Жаңалықтар

03.03.2023 (Обновлено: 07.03.2023 16:31)

Арзыбек Қожошев: «Еуразиялық желілік университетті құру ЕАЭО еңбек нарығына оң әсерін тигізеді»

Еуразиялық желілік университетті құру (ЕЖУ) және оның ЕАЭО-ның жалпы еңбек нарығы үшін кадрларды кәсіби даярлауды көздеуі «еңбек ресурстары нарығын қалыптастыруға, кәсібилікті арттыруға және тұтастай алғанда біздің еліміздің дамуына оңтайлы ықпалын тигізеді». Бұл туралы Еуразиялық желілік университеттің 3 наурызда өткен бірінші форумында ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Білім беру саласында ынтымақтасу ЕАЭО-ның 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағыттарына кіреді. 2022 жылы ЕАЭО органдарында төрағалық еткен Қырғыз Республикасының Еуразиялық желілік университетті құру жөніндегі бастамасы ғылыми-білім беру қоғамдастығында кеңінен қолдау тапты.

ЕЖУ-дің ең басты мақсаттарының бірі – бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру, Еуразиялық экономикалық одақтың адами және зияткерлік капиталын дамыту.

Форумға қатысушылар ЕЖУ-ді дамыту ойларымен бөлісті. Форумға ЕАЭО елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссияның, мемлекеттік органдардың және ғылыми-білім беру қоғамдастығының өкілдері жиналды.

Анықтама

Еуразиялық желілік университетті құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға Бішкекте өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында 2022 жылғы 25 мамырда ЕАЭО елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қол қойды. ЕЖУ мақсаты – білім беру саласында тосқауылсыз ортаны кезең-кезеңімен қалыптастыру. ЕЖУ қашықтан білім беру технологияларын, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер ұйымдастыруды, жастардың Еуразиялық интеграция құндылықтары рухында тұлғалық өсуін ынталандыруды және басқа бағыттарды пайдалана отырып, білікті кадрлар даярлаумен айналысады деп болжануда.

Еуразиялық желілік университеті заңды тұлға құрмай-ақ ғылыми-білім беру консорциумы ретінде қалыптастырылған. ЕЖУ-дің құрылымдық бөлімшелері нақты жоғары оқу орнына — меморандумға қатысушыға бекітілген.

ЕЖУ Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып Ресей мемлекеттік басқару университетінің ректоры, профессор Владимир Строев сайланды.