Жаңалықтар

14.03.2024

Бақыт Сұлтанов: "ЕЭК қызметі ЕАЭО-да кәсіпкерлікті жүргізу жағдайларын ұдайы жақсартып отыруға бағытталған"

14 наурызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Америка сауда палатасының Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі 10-шы конференциясының жалпы отырысында сөз сөйледі.

Министр кәсіпкерлер мен инвесторларға Комиссияның бизнеспен өзара іс-қимылының құралдары, Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру, өзара саудадағы кедергілерді анықтау мен жою, инвестициялық және кооперациялық ынтымақтастықты дамыту, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын секторлық қамту, ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыруға орайлас тәсілдемелер туралы айтып берді.

Бақыт Сұлтанов Комиссияда үстіміздегі жылдан бастап пайда болған жаңа шынайы құрал — өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржылық ынталандыруға айқындап назар аударды. Осыған байланысты ЕЭК министрі кәсіпкерлерді жобаларға белсендірек бастамашылық жасауға және қолдау шарасын алуға өтінім беруге шақырды.

"Комиссия интеграциялық процестерді дамыту есебінен Еуразиялық кеңістікте бизнес жүргізу үшін жақсы жағдай қалыптастыруға ниетті. Біз кәсіпкерлік қоғамдастықпен диалогты одан әрі кеңейтуге, іскер топтарды қызықтыратын мәселелерді бірлесіп пысықтауға мүдделіміз", — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Конференцияның пікірсайыс бөлігінде ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бәкенов Америка сауда палатасы өкілдерінің ЕАЭО-да бизнес жүргізуге қатысты сұрақтарына жауап берді.