АҚШ-тың, Жапонияның, Ресейдің, Оңтүстік Кореяның, Бразилияның, Евроодақтың, ЭЫДҰ-ның бәсекелестік ведомстволарының, басқа да бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, трансұлттық компаниялардың өкілдері Қытай Халық Республикасының Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы ұйымдастырған іс-шараның қатысушылары болды.
Форумға қатысушыларға арнау сөзінде Бақыт Сұлтанов Қытайдың рекордтық қысқа мерзімде заманауи бәрін тұтас қамтитын монополияға қарсы құқық және оны қолдану жүйесін құруға қол жеткізгенін атап өтті. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін жақсы үлгі бола алады.
"Қытайдағы бәсекелестікті дамыту жүйесі біртіндеп біз мұқият қадағалап отырған ең таңдаулы практикалар мен сараптамалардың маңызды көзіне айналуда. Өз кезегінде, Еуразиялық экономикалық комиссия тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ете отырып, біздің Одақ нарықтарындағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелеріне зор көңіл бөледі", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
Бақыт Сұлтанов цифрландыру саласында әділ бәсекелестікті қолдау қажеттігін атап өтті. ЕЭК министрінің пікірінше, цифрлық платформалар ЕАЭО-да, сол сияқты бүкіл әлемде өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыс орнатуда таптырмас рөл атқарады. Алайда "қақпашының күшіне" ие бола отырып, олар монополиялық теріс қылықтардың алғышарттарын жасайды.
Министр бизнесте "бәсекелесшіл" сананы қалыптастырудың маңыздылығын атап көрсетті. Бақыт Сұлтанов кәсіпкерлермен тиімді өзара іс-қимылдың мысалы ретінде Комиссияның бәсекелестік блогы бірнеше жылдан бері өткізіп келе жатқан қоғамдық қабылдау отырыстарын атады. Кездесулер гибридті форматқа ие және, қатысушыларды көптеп тартуға мүмкіндік бере отырып, офлайн әрі онлайн форматта өткізіледі. Қоғамдық қабылдаудың онлайн-қатысушысы болу үшін ЕЭК YouTube-арнасындағы трансляцияға қосылу және сұрақ беру жеткілікті.
Бақыт Сұлтановтың сөзінше, адал бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру үшін тағы бір тиімді құрал таяуда ЕЭК сайтына орналастырылған трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік қағидалары саласындағы білімдерді тестілеу құралы болды.
"ЕЭК сайтының басты бетіндегі "ЕАЭО-дағы бәсекелестік — бизнеспен диалог" бөлімінде біз модуль – сұрақтар мен жауаптардың интерактивті интерфейсін орналастырдық. Оның көмегімен компаниялардың қызметкерлері бәсекелестік бойынша ЕАЭО заңнамасы саласындағы өз білімдерін тестілеп, сондай-ақ өз бизнес-қылығында бәсекеге қарсы практиканың белгілері бар болуын бағалай алады", — деп түйіндеді ЕЭК министрі.