Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық даму банкінің Алматыда 6 желтоқсанда өткен "Орталық Азиядағы орнықты дамуға жәрдемдесу" конференциясына қатысушыларға ілтипат лебізімен қайырылды.
ЕЭК Алқасының басшысы Еуразиялық өңір елдерінің алдында тұрған жаһандық сыни шақырыстардың қатарында экономиканы қоса, адам өмірінің барлық қырына әсер ететін климаттың өзгеруі бар екенін атап өтті.
"Осы мәселенің маңыздылығына байланысты 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы мәлімдеме қабылдады. Онда Париж келісімінің мақсаттарына және ЕАЭО бірыңғай нарығының жұмыс істеу қағидаттарын негізге ала отырып, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу ниеті бекітілген", – деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК Алқасының Төрағасы атап өткендей, экономикалық интеграция ЕАЭО елдерінің ОДМ көрсеткіштеріне қол жеткізуіне оң әсер ететін қосымша фактор бола алады.
Бақытжан Сағынтаев Комиссияның ағымдағы жылы "ЕАЭО 2.0 өңірінде БҰҰ ОДМ жетістіктерінің көрсеткіштері" атты жаңа баяндама дайындауды бастағанын да хабарлады. Оны 2025 жылғы шілде айында Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форум шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде таныстыру жоспарланып отыр.