Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Куба Республикасының Президенті, Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет басшысы Мигель Диас-Канель Бермудесті Азат ету күнімен құттықтады.
"ЕАЭО мемлекеттері мен Кубаның ойдағыдай өзара іс-қимылы алдағы уақытта да біздің елдеріміз халықтарының игілігі жолында тереңдей түсетініне сенімдімін", – деп атап өтілген ЕЭК Алқасының басшысы жолдаған құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өз атынан Мигель Диас-Канель Бермудеске жауапты қызметінде алда да табысқа жете беруді, ал Куба халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.