Жаңалықтар

06.02.2024

Бақытжан Сағынтаев Олжас Бектеновты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Олжас Бектеновты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

«Ел басшысының Сізді премьер-министр етіп тағайындауы, сізге артқан сенімінің жоғары дәлелі болып табылады. Үкімет басшысы ретіндегі қызметіңіз Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімдімін», – делінген құттықтау хатта.

ЕЭК Алқасының басшысы Олжас Бектеновке зор денсаулық, амандық және Қазақстан Республикасының игілігі үшін барлық жоспарлардың іске асырылуын тіледі.